Новость #601 Статистика

ҚазҰАУ Ректоры «The Japan Times» газетіне сұхбат берді

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің Ректоры Т. Есполов GMIPOST –The Japan Times жобасының басшысы Франсис Пачекоға (Francis Pacheco) Арнайы Бизнес есептің шеңберінде сұхбат берді. Бұл Бизнес есеп Қазақстан мен Жапония арасындағы 25-жылдық дипломатиялық қарым-қатынастары орнатылғандығының белгісі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – екі елдің ынтымақтастығының динамикасын көрсете отырып, Жапония үшін Қазақстанның қуатты жақтарын ұсыну және көрсету.

photo
photo
Берген сұхбатында ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов университеттің тарихымен таныстырып, оның академиялық, ғылыми және халықаралық қызметі мен даму болашағы туралы айтып берді. Ол ҚазҰАУ мен Жапония университеттерімен және ғылыми орталықтарымен екіжақты әріптестік қарым-қатынасының даму келешегіне жеке тоқталып өтті.
Өз кезегінде, Франсис Пачеко (Francis Pacheco) ҚазҰАУ басшылығына және ұжымына алғысын білдірді, ҚазҰАУ дамуының табысты үрдісін және университеттің Жапониямен халықаралық ынтымақтастығының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

photo
photo
Кездесу соңында, Франсис Пачеко (Francis Pacheco) биотехнология, нанотехнология, цитология, ветеринария, микробиология, агроинженерия бағытында жаңа әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін Университеттің Қазақ-Жапон инновациялық орталығын аралап, жұмысымен танысты.
The JapanTimes – Жапонияның ағылшын тіліндегі ең алғашқы және ең ескі газеті. Есеп 2017 жылдың соңында жарияланады.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты