ҚазҰАУ ректоры халыққа есеп беру жиынын өткізді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1050 Статистика

ҚазҰАУ ректоры халыққа есеп беру жиынын өткізді

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығы бойынша Ұлттық университеттердің ректорларының халыққа Есеп беру кестесі Үкімет басшысының бұйрығымен бекітілген.
Осыған сәйкес, 2018 жылдың 29 қыркүйек күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Мәжіліс залында ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы халыққа есеп беру жиынын өткізді.
Жиынға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Нұр Отан партиясының өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер, агроқұрылымдар мен шаруашылық жетекшілері, белгілі аграршы ғалымдар, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы,  студенттер мен ата-аналар, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында ректор университеттің 2017-2018 оқу жылдарына шолу жасап, оқу орнының ғылыми-инновациялық, қаржылық-шаруашылық, әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөнінде есебін баяндап, университет жетістіктерін жария етіп, алдағы стратегиялық даму бағыттарды таныстырды.
Келер жылы өзінің 90 жылдық мерейлі тойын атап өткелі отырған білім ордасы бүгінгі күні құрылымдық модернизациядан өтіп, нақты нәтижеге негізделген сапалық менджментті игеруде.
 
photo   photo

Университеттегі студенттердің 90 пайыздан астамы ауыл жастары. Мемлекет қолдауының арқасында оқу орнында еліміздің әр түкпірінен келген білім алушыларға заманға сай, әлемдік деңгейдегі білім мен ғылымды игеруге барынша жағдай жасалған.
Қазіргі кезде Қазақ ұлттық аграрлық университеті Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жөніндегі стратегиялық бағдарламасына сәйкес білім-ғылым-өндіріс интеграциясын дамытып, нақты нәтижеге негізделген сапалық менджментті игеруде.
Биылғы жылы университет Дамушы Еуропа және Орталық Азия QS рейтингі бойынша 200 жоғары оқу орнының ішінде 77-орынға көтеріліп, 100 ТОП университеттер санатына енді.
Ректор, өз сөзінде, ауылдық жерлерден келген жастарды инновацияға бейімдеп, жаңа технологияларды игеруі үшін ашылған Агротехнологиялық Хаб жұмысының оң нәтиже беріп отырғандығын ерекше атап өтті. Университет базасында биылғы жыл басында Қазақстан-Беларус агроинженерлік орталығы, Ситуациялық орталық және Су хабы ашылып, онда шетелдік әріптестермен бірлескен инновациялық жобалар тиімді іске асырып келеді.
Оқу орны басшысы сондай-ақ, коммерциялық емес акционерлік қоғамы ретінде жаңаша құрылымдау нәтижесінде университеттің Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына өткен кезеңнен бері агроинновациялық бағытты жаңғырту бойынша  ғылыми-зерттеулерді коммерциализациялау жүйесін тиімді құруға кеңінен жол ашып отырғанын атап өтті.

photo   photo

Есеп беру жиынындағы негізгі баяндамадан кейін жиналған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Әр сұраққа университет басшысы тұшымды жауаптарын берді.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты