Новость #610 Статистика

ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов Мичуринск мемлекеттік аграрлық университетінің «Құрметті профессоры» атанды

7 қыркүйекте Мичуринск мемлекеттік аграрлық университетінде (Ресей) ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шара «Бау-бақша – 2017» мерекелік шарасы аясында ұйымдастырылды. Халықаралық жиында агроөндірістік кешенге бау-бақша саласы бойынша мамандарды дайындау мәселелеріне бағытталды.
Айта кету керек, ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов осы ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлар Кеңесінің төрағалық етеді. 
Жиынға посткеңестік кеңістіктің оннан астам жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары, жетекші мамандары қатысты. Басқосуды Мичуринск МАУ-нің ректоры Вадим Бабушкин құттықтау сөзбен ашты. «Бүгінгі күні Ресейдің 54 аграрлық оқу орнының 24-і «Бау-бақшаны безендіру» мамандығы бойынша мамандар дайындайды» деп атап өтті университет жетекшісі.

photo
photo
photo
Кеңес  отырысында ТМД елдеріндегі аграрлық жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін  арттырудағы қашықтан оқыту жүйесін жетілдіру, оқыту тәсілдері мен технологиясын дамыту, бірлесе ғылыми-білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, заманауи, тиімді және бәсекеге қабілетті өндіріс жүйесін құру және ТМД агроөнеркәсіптік кешеніне жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту,  жоғары оқу орындарын сырттай бағалау арқылы сапаны қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Конференцияға қатысушылар жинаған тәжірибелерімен алмасып, бау-бақша бойынша мамандарды дайындау процессінде қабылданған озық технологиялар мен методикаларды ортаға салды.

photo
photo
Басқосу барысында куәліктер, аттестаттар және Мичуринск МАУ-нің «Құрметті профессоры» төсбелгілері тапсырылды.
ҚазҰАУ ректоры, ТМД жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлар Кеңесінің төрағасы, академик Тілектес Есполовқа Мичуринск мемлекеттік аграрлық университетінің «Құрметті профессоры» атағы тапсырылды. Осындай дәрежені Әзербайжан мемлекеттік аграрлық университетінің Ибрагим Джафаров та иеленді.
Екі күнге созылған жиын соңында университет ұжымы қонақтарды қаланың тарихи және мәдени орындарын аралатып, оқу орны кешенінің зертханаларымен таныстырды.
 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты