ҚазҰАУ оқытушы-ғалымдары Елбасы Жолдауын талқылады - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1066 Статистика

ҚазҰАУ оқытушы-ғалымдары Елбасы Жолдауын талқылады

      Ағымдағы жылдың 8-қазанында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Мәжіліс залында университеттің оқытушы-профессорлық құрамы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан күні жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын талқылады. Егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған жаңа Жолдауды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушы-ғалымдары мен білім алушы жастары ерекше ықыласпен қабылдады.
Жиынды ашып, баяндама жасаған ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов Елбасы Жолдауы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің бастауы, еліміздің жаңа технологиялық өсуге қадам басуы екенін атап өтті.
 « – Жолдауда қамтылған тағы бір ерекше жаңалық – Елбасы идеясымен республикамыз бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басталғаны. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ауылдардың әлеуметтік ортасын жаңғырту. «Ауыл – алтын бесік» деп білетін қазақ қоғамы үшін бұл жоба айрықша мәнге ие болатыны сөзсіз.
Жаңа Жолдауда жоғары білім беру мен ауыл шаруашылық саласына ерекше көңіл бөлінген. Бұл әсіресе аграрлық мамандықтар бойынша білім алатын жастарға, ауылдық жерлерде шаруашылықпен айналысатындарға, жалпы ауыл шаруашылығындағы ғалымдарға үлкен серпіліс беруде.
Жолдауда еліміздегі жоғары оқу орындары Назарбаев университеті үлгісінде оқу бағдарламаларын жаңартып, заманауи білім мен әлемдегі үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналуы тиіс екендігі айтылды. Бұл қазіргі уақыттағы жаңа талаптар бойынша білім беру ісінде инновациялық бағыттар мен кешенді бағдарламалар, жаңа стандарттар енгізу қажеттігінен туындап отыр» деген Тілектес Исабайұлы Назарбаев Университетіндегі шетелдік үздік менеджерлерді ескере отырып, жаһандық университеттермен серіктестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында Мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Бөрібай Жексенбин, «Рухани жаңғыру» орталығының гуманитарлық зерттеу орталығының детекшісі Хангелді Әбжанов, ҚҰ ҰҒА академигі Рахымжан Елешов, «Агрономия» кафедрасының меңгерушісі Серік Кененбаев, «ТППЖ» кафедрасының жетекшісі Әбдірахман Омбаев, «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының профессоры Ажар Бейсенбаева, «Технология және тамақ өнімі қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры Абдіманап Оспанов және жас ғалымдар Бекзат Төрегелдиев, Гүлназ Чариповалар сөз алып, Жолдау жүктеген міндеттерді тиімді іске асыруға байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
 
photo   photo
photo   photo

Өз кезегінде Мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Бөрібай Жексенбин өткенге шегініс жасап, Елбасы жариялаған Жолдаулардың тарихына тоқта келіп: «еліміз Тәуелсіздік алған уақыттан бері жан-жақты дамып, қарышты реформаларымен әлемге танылды. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған салиқала саясатының нәтижесінде мемлекетімізде тұрақтылық пен бейбітшілік, ынтымақ пен береке орнап, халықтың ертеңгі күнге деген сенімі артып келеді. Жаңа сипаттағы биылғы Жолдаудың мазмұнына үңіле отырып, халықтың әлеу­мет­тік жағдайын жақсарту, еліміздің кемел келешегін қамтамасыз ету – Елбасы саясатының басты ба­ғы­­ты екендігіне тағы да көз жеткіздік» деп ойын түйіндеді.
Рухани жаңғыру» орталығының гуманитарлық зерттеу орталығының детекшісі Хангелді Әбжанов орта мектеп, әсіресе бастауыш мектеп оқушылары үшін оқу жүктемесінің көп екендігіне тоқталды. «Жолдауда айтылған міндеттемелерге сүйене отырып біз жастарымыздың білім алуына, ғылымға ұмтылуына, өндіріспен айналысуына барынша жағдайы жасауымыз керек.Сондықтан жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек мүмкіндік беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық нормаларға сәйкестендіру керек» деп атап өтті. 
Сөз алғандар Ақордада халыққа жариялаған биылғы Жолдауы әр қазақстандықтың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап бергенін, Жолдауда атап көрсетілген басымдықтардың қай қайсысы да еліміз үшін өте маңызды екендігін атап өтті. Міндет айқын, енді осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Жолдау міндеттерін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты