Новость #832 Статистика

ҚазҰАУ мен Беларусь Республикасы арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Виталий Вовк іс-сапармен келді. Кездесу барысында университет пен Беларусь өнеркәсіп пен машина жасау саларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Университеттің Бірінші проректоры, академик Қанат Маратұлы бастаған оқытушы-профессорлар құрамы қонақтарды қарсы алды. Делегация құрамы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанынан құрылған Агротехнологиялық хаб пен оның құрамына кіретін: Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Корея, Су, Тағам қауіпсіздігі, Қазақстан-Белорус агроинженерлік инновациялық орталықтарын аралап, университет базасында жаңа өнімдер мен агротехнолоияларды, стартап-жобаларды жүзеге асырып жатқан индустриалды-инновациялық, био-нанотехнологиялық жобалардың орындалу барысымен танысты.
Виталий Вовк  бастаған делегация құрамында Домотенко Федор Александрович – «Минск трактор зауыты» ААҚ Бас директоры, Камко Александр Иванович – «Гомсельмаш» ААҚ Бас директоры,  Клыга Геннадий Викентьевич – Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасы Елшілігінің сауда-экономикалық қызметінің жетекшісі, кеңесші,  Дмитричков Юрий Анатольевич – Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасы Елшілігінің кеңесшісі,  Кишкурно Дмитрий Петрович – Беларусь Республикасы өнеркәсіп министрлігінің сыртқыэкономикалық қызметі Бас басқармасы ТМД елдерімен ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, Казакевич Александр Александрович – ТМД елдеріне өнімдерді жылжыту және іске асыру басқармасының басшысы – ТМД елдері нарығындағы коммерциялық жұмыстар бойынша «МТЗ» ААҚ маркетинг-директорының орынбасары, Афанасьев Дмитрий Владимирович – «Гомсельмаш» ААҚ сату басқармасының (Қазақстан) бастығы, аймақтық сату департаментінің орынбасары, Папкович Сергей Анатольевич – «Минск автозавод» ААО (БР, РФ және Украина елдерінен басқа) ТМД елдеріндегі автотехниканы сату басқармасының бастығы, Дайнеко Владимир Анатольевич – «Бобруйскагромаш» холдингтің басқару компаниясы» ААО маркетинг және өткізу басқармасының бастығы, Пигулевский Максим Викторович – «МАЗ - Қазақстан» сауда үйі» ЖШС директоры, Косик Александр Васильевич – «Беларусь трактор» сауда үйі» ЖШС директоры, Абрамович Степан Петрович – «Амкодор-Астана» ЖШС директоры болды.

photo
photo
photo
Жиын барысында академик Қанат Маратұлы екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, университетте іске асырылған жобалар туралы атап өтті.
Өз кезегінде Виталий Вовк екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін айтып, өнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.
Қанат Маратұлы делегаттарға ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Исабайұлы Есполовтың сәлемін жеткізді.
Қанат Маратұлы: «Виталий Михайлович! Қазақстан-Белорусь агроинженерлік инновациялық орталығын құруға қолдау білдірдіңіз және әлі де қолдап келесіз. Университет ұжымының атынан Сізге үлкен алғысымызды білдіреміз.
1 ақпанда университетімізге Евразиялық экономикалық Комиссиясының Техникалық реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) – Валерий Корешков келді. Валерий Николаевич университетте өтіп жатқан «Қысқы мектеп-2018» бағдарламасына қатысушы жас ғалымдарға Евразиялық экономикалық Комиссия аясындағы техникалық реттеу саласының интеграциясын дамыту мәселелері бойынша арнайы дәріс оқыды.  Дәріс барысында ол ЕЭК-тің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларынан толық мағлұмат беретін таныстырылым өткізіп, кең көлемді баяндама жасады» деді.
Университет Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетімен, Беларусь ұлттық техникалық университетімен,  Беларусь мемлекеттік ауылшаруашылық академиясымен, Могилев қауіпсіздік мемлекеттім универсиетімен, Брест мемлекеттік техникалық университетімен және басқа да оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста. Аталған оқу орындары мен ғылыми орталықтарда 100-ден аса оқытушылар, докторанттар мен магистранттар тәжірибеден өтті.
Өткен жылы Консорциум аясында Беларуссия әріптестермен Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы ашылды. Орталықтың бағыты Қазақстан агроөндірістік кешенін машина-технологиялық модернизациялау, жаңа бағыттағы техникалық құралдарды және жаңа ресурстарды жинақтайтын технологияларды ауылшаруашылық өндірісіне енгізуді насихаттауға бағытталған. 
Орталық құрылымы университет базасындағы демонстрациялық алаңда және өндірістік сынақ алаңы – «Агроуниверситет» оқу-өндірістік шаруашылығында ұсынылған.
Алаңда 80-ге тарта заманауи техникалық құрал-жабдықтар қойылған. Осы алаңда білім алушылар ауылшаруашылығында техниканы басқару, шығын мен кірісті жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибелік білім жинақтайды. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына зор үлес қосып, ҚазҰАУ базасындағы  Қазақстан-Белорус агроинженерлік инновациялық орталығының құрылуына ықпал жасап, ерекше қолдау білдіргені үшін Ғылыми Кеңестің шешімімен Виталий Вовкке Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сонымен қатар Федор Домотенко и Александр Камко мырзаларға «Аграрлық ғылым, білім және өндірісіне сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгілері тапсырылды.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген М.Ботабеков, Г.Әділхан
 
 
Читайте также Архив новостей