Новость #439 Статистика

ҚазҰАУ IREG Обсерваториясының Халықаралық форумына қатысты

ҚазҰАУ Ректоры Тілектес Есполов пен мен халықаралық қатынастар және инвестиция жөніндегі Проректор Дания Асанова Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен  «Басымдылық - университет дамуының қозғаушы күші» (IREG Forum 2017) Форумына қатысты. Форум жұмысына әлемнің 35 елінің жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ академиялық ранжирлеу және жоғары білім беру бойынша сарапшылар қатысты. Енді, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, IREG Халықаралық обсерваториясының толыққанды мүшесі болып табылады. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін бұл обсерваторияға Қазақстанның тек екі жоғары оқу орны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғана мүше болған.

photo
photo
IREG — Академиялық ранжирлеу мен басымдық бойынша Халықаралық обсерватория (қысқаша - IREG обсерваториясы) – университеттік рейтингтер мен академиялық басымдыққа қызығушылығы бар ұйымдарды, университеттерді және басқа да органдардың халықаралық коммерциялық емес ранжирлеу ассоцияциясы. IREG-Халықаралық обсерваториясының мақсаты - қауымдастықты хабардар етуді күшейту және университеттердің рейтингі мен білім берудің ерекше табыстары бойынша бірқатар сұрақтарды түсіндіру болып табылады. Қатардағы және жоғары білікті сарапшылардың тобымен жинақталған тәжірибе нәтежиесінде алғаш рет 2002 жылы жоғары білім берудің Еуропадағы орталығы – ЮНЕСКО-дағы (Бухарест)  кездесудің қорытындысы Ранжирлеу бойынша халықаралық сарапшылардың тобын (IREG) құруға алып келді. 2009 жылы бұл бейресми топ коммерциялық емес ұйым IREG обсерваториясы ретінде қайта құрылып, Бельгияның Брюссель қаласында тіркелді. Ал, хатшылығы Польшаның Варшава қаласында орналасқан.

photo
Форумға қатысушылар ІREG Халықаралық обсерваториясы Атқару комитетінің Бас Ассамблеясында ҚазҰАУ ректоры, академик Т.И.Есполовтың университеттің қызметі туралы жан-жақты баяндамасын тыңдады. Сондай-ақ, Тілектес Исабайұлы  Катар университетінің Президентімен кездесіп, екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық байланыстардың келешегін де талқылады. Сапар барысында ҚазҰАУ Ректоры Тілектес Есполов пен халықаралық қатынастар және инвестиция жөніндегі Проректор Дания Асанова Катар мемлекетіндегі Қазақстанның елшілігіне де арнайы барды.

photo
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты