Новость #749 Статистика

ҚазҰАУ II Орта-Азиялық Агротехнологиялық Саммит өткізеді

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен  2017 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 8.00-де Intercontinental Almaty қонақүйінде кезекті ІІ «Central Asian AgTech Summit‘2017» Орта-Азиялық Агротехнологиялық Саммит жұмысын бастайды.
Саммит ауыл кәсіпкерлерінің сала ғалымдарымен кездесіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелерді талқылайтын негізгі алаң болып табылады.
Бүгінгі күні еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде өнімді жинау, сақтау оны қайта өңдеуге қатысты заманауи инновациялық технологиялар қолданылуда. Аграрлық нарықты терең талдау үшін жер серіктері мен басқа да зерттеу құралдарын пайдалана отырып қол жеткізген зерттеу нәтижелері басты назарға алынуда. Деректер көлеміне, сонымен қатар, оларды сандық өңдеуге және шешімдер қабылдауда сүйенуге болатын нақты қорытындылар шығаруға деген қажеттілік жыл сайын өсуде.
Саммитте университет ғалымдары мен Агрохаб қызметкерлері университеттегі жаңа технологиялар мен білімді жедел трансферттеуге арналған сандық талдау орталығының жұмыс нәтижелерімен таныстырады.  

Орталықтың негізгі бағыттары:
АӨК-дегі шешімдерді қолдауға арналған сандық қор; «Ақылды» техника және роботтандыру» - өндірісті  сандық жүйелеу; сараптама және Big Data – түсімділікті  және климаттық тәуекелдерді болжау; сатуды сандық жүйелеу және т.б. жатады.
Осы бағытта университетте төмендегі жобалар іске асырылып келеді:
ҚР АӨК-де шешімдерді қабылдаудың сандық платформасын құру үшін АӨК шешімдерін қолдау жүйесі; Агроөнеркәсіптік сектор үшін заманауи сандық геоботаникалық карталарды құруда сандық карта жасау;GIS технологиялары базасыда шегірткеден алдын ала қорғану мен одан келетін жұқпалы аурулардың алдын алу жүйесі; су тасқынын болжау жүйесі; климаттық тәуекелдерді басқару; тозған жайылымдық жерлерді бағалау жүйесі; өнімділікті болжау; қашықтықтан барлау және фермерлерге арналған GIS технологиялары; АӨК саласындағы жасанды интеллект; өнімді бақылау.

Саммит жұмысына ҚР АШМ өкілдері, ведомствоға қарайтын ұйымдар, Қазақстандағы және шет елдердегі ғылыми және білім беру институттарының, ғылыми орталықтардың сарапшылары, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер, ғалымдар, кәсіпкерлер қатысады.
Шара аясында агробизнес мәселелері талқыланып, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізудің шынайы үлгілері көрсетіледі, сонымен қатар тиімділіктің жаңа деңгейіне шыуға көмектесетін ауылшаруашылығындағы техникалар мен заманауи құралдар таныстырылады.
Саммит бағдарламасында тақырыптық панельдік сессиялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер: агробизнесті дамыту және қаржыландыру, сандық технологияларға негізделген ауыл шаруашылығы, жайылымдық жерлерді оңтайландыру, карантиндік өсімдіктерді биологиялық бақылау, климат өзгеруі жағдайындағы өнімділік т.б тақырыптар бойынша өтеді. Қатысушы елдер: Қазақстан, АҚШ, Италия, Ресей және т.б.
 
Нақты ақпарат алу және қатысуды бекіту үшін Саммит үйлестірушісі Гүльназ Ысқақовамен хабарласуыңызды өтінеміз.
Тел: +77075570770.
e-mail: gulnaz.iskakova@gmail.com.
Agrohub.kz/ru/summit-2017
Самммитке қатысу ақысыз, бірақ орындар шектеулі. Тізімге енгеніңізді анықтаңыз.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты