Новость #747 Статистика

ҚазҰАУ Беларусь республикасы ЖОО-ларымен және машина құрастырушыларымен ынтымақтастықты арттырады

Осы жылдың 25-30 қараша аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Т.И.Есполов бастаған «Инженерлік» факультеттің ғалымдар тобы жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барды.
Ғалымдар Минск қаласында өткен Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары мен Ғылыми-зерттеу институты арасында ғылыми-білім беру консорциумын үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VІ отырысына қатысты.
Консорциум аясында олар аталған елдегі жетекші аграрлық ЖОО саналатын, атап айтқанда Беларусь мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы, Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде және ірі шаруашылықтарда, қайта өңдеу кәсіпорындарында, ауылшаруашылығы машиналары мен құрылғыларын шығаратын, жинайтын зауыттарда, тағы да басқа орындарда болды.

photo
photo
Т.И.Есполовқа Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді. Т.Есполов профессор-оқытушылар құрамы мен сол университетте білім алушыларға проблемалық дәріс оқыды.
Еліміздегі агроөндірістік кешенді дамыту жөніндегі маңызды мәселелер, мамандарды дайындау және жұмысқа орналастыру жөнінде беларустық әріптестермен пайдалы пікір алмасулар болды.

Консорциум аясындағы ынтымақтастықтың аясында соңғы жылдары университетте төмендегі жағдайлар жақсы жолға қойылды:
  • кадрларды, оның ішінде агроинженерлерді жаңа формацияда дайындау деңгейі;
  • білім мен өндіріске озық білім мен технологияларды енгізу және трансферттеу;
  • АӨК маңызды мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • бірлескен инновациялық өндіріс орнын құру.
ҚазҰАУ делегациясының бұл сапары ағымдағы жылдың 29 қараша күні Беларусь Республикасы астанасы Минскіде өткен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ресми іссапары шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі арасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою аясында жүзеге асты.
Меморандум көрсетілген салада екі елдің арасындағы жемісті ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы машинасы өндірісі мен оларды ғылыми және тәжірбиелік-конструкторлық қамтамасыз етуде Беларусь Республикасының жетістігін ескере отырып осындай ынтымақтастық біздің отандық машина жасау мүмкіндігін арттырады.

photo
photo
photo
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жасау бойынша бірлескен кәсіпорын бар екенін атап өту қажет. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар техникасын шығару, олардың локализациясын арттыру және шығарылатын өнімнің түрлерін арттыру жоспарлануда.
Меморандумда жеке тармақпен Қазақстан жоғары оқу орындары оқу-ғылыми-өндірістік инфрақұрылымдарын техникалық жарақтау мәселесі сөз болды. Осы тармақтың бөлігінде бірінші кезекте Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында АӨК үшін мамандар даярлау бойынша құрылған Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы арқылы іске асырылатын болады.
Аталған орталық Меморандумға сәйкес Беларусь өнімі ауыл шаруашылығы машиналарының оқу макеттерімен өтеусіз негізде қосымша жарақталатын болады, сондай-ақ Орталықпен өндіріс зауыттарынан тікелей жаңа техника үлгілерін жеңілдік жағдайында сатып алу қарастырылған.
Жалпы қол қойылған Меморандум Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен әзірленген отандық «Агроөнеркәсіп кешенін қарқынды техникалық қайта жарақтандыру Картасында қарастырылған шаралады жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы машиналары, ғылым және кадрлар даярлау. саласында ынтымақтастықты ұлғайтуға және нығайтуға мүмкіндік туғызады
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты