ҚазҰАУ Әскери кафедрасында оқу-жаттығу жиыны басталды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1022 Статистика

ҚазҰАУ Әскери кафедрасында оқу-жаттығу жиыны басталды

        27 шілде күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Астананың 20 жылдығына, келе жатқан Конституция мерекесіне және әскери оқу-жаттығу жиынының ашылуына орай Әскери кафедраның талантты жастары, оның ішінде І рота Мотоатқыштар циклі мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шараға жоғары оқу орны Әскери кафедрасының бастығы, ІІ дәрежелі Айбын орденінің иегері, полковник Дүйсембаев Бастеми Жантемірұлы, Әскери оқу-жаттығу жиынының бастығы, полковник Бейсебеков Болат Анетұлы, Оқу жиыны бастығының тәрбие әскери патриоттық жөніндегі орынбасары, полковник Баимбетов Қайрат Өмірбекұлы және оқу-жаттығу жиынының басшылары, студенттер қатысты.

photo
photo
photo
photo Аталған шарада Оқу-жаттығу жиынының бастығы, полковник Бейсебеков Болат Анетұлы сөз сөйлеп, студенттерге ізгі ниетін білдірді.
     «Студенттердің оқу-жаттығу жиындары – әскери дайындықтың соңғы кезеңі. Бұл оқу-жаттығулар әскери кафедрада екі жыл оқығаннан кейін жүргізіледі. Оқу-жаттығу жиындары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде студенттер әскери кафедрада 90 сағаттық білім алады, ал екінші кезеңде әскери бөлімдердің оқу-жаттығу материалдық, техникалық базасын қолданумен 138 сағаттық дайындық жүргізіледі. Бізде 1 бригада – ол 61993 әскери бөлім. Мұнда студенттер екі жыл бойы жинаған білімдері мен дағдыларын бекітеді. Студенттер офицер болуы үшін біздің Отанымызға – Қазақстан Республикасына ант беруі қажет. Ант қабылдау рәсімінің алдында әр студент полигонға барып, қару-жарақтармен жаттығу жасаулары керек. Содан кейін бітіру емтихандары болады. Бұл соңғы кезең болып табылады. Қорытынды емтиханнан кейін студенттер Запастағы Лейтенант атағын алуға дайын болып есептеледі», – деді полковник Болат Анетұлы.
Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиындарының бастығы, полковник Болат Бейсебеков ҚР Қарулы күштер өкілдерінің студенттер әлеуетіне оң баға бергені жөнінде айтты.
Қазіргі таңда оқу-жаттығу жиынында университеттің 316 студенті жаттығып, 21 студент қыздар тәжірибеден өтуде. Яғни, қыздар оқу-жаттығу жиынына тартылмайды. Олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің №375 бұйрығына сәйкес ант қабылдап, қару-жарақтармен жаттығып, қорытынды емтихан тапсырады.

photo
photo
photo
photo
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген: М.Ботабеков, Г.Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты