«KazNAU STARS» факультетаралық сайысы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1176 Статистика

«KazNAU STARS» факультетаралық сайысы

       2018 жылдың 14 қараша  күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Студенттер күніне орай  Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «KazNAU STARS» атты факультетаралық сайыс өтті. Үш тур бойынша бұл сайысқа университетіміздің белсенді жастарынан құралған 6 топ қатысты.  1-турда әр топ өздерін ерекше форматта, тың идеяларға толы бейнеороликтерімен таныстырса, 2-турда топтар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауы  және университет тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерінің қаншалықты дәрежеде жоғары екенін дәлелдеді.
Ал соңғы «Өнер» сайысы жастардың ұшқыр қиялдары мен таланттарын ұштастырған шын жүйріктер жарысына айналды.
 
photo   photo

photo
Құрамында тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ж.А.Дауренбаева, университеттің кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.О.Омарбекұлы, тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Б.Д.Тұрғымбаева, эстрада жұлдызы М.Ханзада және тағы басқалар төрелік еткен қазылар алқасының шешімімен «Агробиология» факультеті бас жүлдеге ие болып, 20 000 теңгелік ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады. Ал «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті 2-орын және «Технология және биоресурстар» факультеті 3-орын алып, сәйкесінше 15000 және 10 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды.
 
photo   photo
photo   photo

Өздерінің жаңашылдығымен көзге түскен «IT технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіп  кешенін механизациялау» факультетінің  тобы - «Креативті команда» номинациясына ие болды.
«Көрермен көзайымы» номинациясы «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетіне бұйырса,  «Ветеринария» факультетіне «Талантты жастар»  номинациясы табысталды.
 
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты