Новость #744 Статистика

«Казгидромет» филиалы базасында өндірістік практикалық сабақтар өткізілді

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ  және «Казгидромет» РМК арасындағы №17-02/01 (14.04.2016ж.) келісім-шарт негізінде  «Казгидромет» РМК Алматы қаласы филиалы базасында Ветеринария факультетінің 3 курс студенттеріне «Ветеринариялық гигиена және санитария» пәнінен өндірістік практикалық сабақтар өткізілді.
Практикалық сабақтар «Ветеринариялық гигиена және санитария» пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сай жүргізілді. Практикалық сабақтар барысында студенттер атмосфералық ауаның физикалық-химиялық қасиеттерін анықтаудың классикалық және инновациялық әдістерімен танысты.

photo
photo
«Казгидромет» РМК Алматы қаласы филиалы Алматы және Алматы облысы бөліктері аумақтарындағы қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау және гидрометеорологиялық бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Филиалдың негізгі мақсаты – тіркелген мемлекеттік бақылау желісінен гидрометеорологиялық және экологиялық дұрыс ақпаратты алу, деректерді өңдеу және жинау, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық  қауіпті және апатты құбылыстарды және қоршаған ортаның жоғары деңгейде ластануын, гидрометеорологиялық болжаудың сапасын арттыру.

«Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы негізгі төрт буынды қамтиды:
  • Бақылаудың мемлекеттік желілері, атмосфераның жай-күйіне, құрлық суларын, төселген қабаттың, ауылшаруашылығының, қоршаған ортаның ластануы мен жай-күйіне жүйелі түрде бақылау жасау. 
  • Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесі, деректерді беруді және мұрағаттауды, өңдеуді, жинауды өндіретін.
  • Болжамдық қызметі метеорологиялық болжамдардың шығуын жүзеге асыратын және олармен мемлекттік билікті және басқарманы, әртүрлі деңгейдегі тұтынушылармен халықты қамтамасыз ететін.
  • Химиялық-талдау зертханасы, атмосфералық ауадағы және атмосфер алық жауын-шашындағы сынамаларды талдау және іріктеу бойынша; беткі сулардағы, топырақтағы және шөгінділердегі сынамаларды талдау бойынша,  атмосфералық жауулардың сынамаларын жиынтық бета-белсенділігін анықтау үшін радиометрикалық зерттеу үшін жұмыстарды атқаратын.
photo
photo
Практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты оқытушылар: в.ғ.к., профессор Г.Е.Алпысбаева, в.ғ.к., қауым.профессор Б.Б.Барахов, в.ғ.м., ассистент А.А.Малдыбаева, в.ғ.м., ассистент Р.К.Базарбаев, в.ғ.м., ассистент Ж.Н.Кудайбергенова.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты