Қазақ ұлттық аграрлық университетінің делегациясы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #350 Статистика

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің делегациясы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде

2016 жылдың 21 желтоқсанында университет делегациясы Беларусь Республикасының Премьер-министрінің орынбасары М.И. Русыймен, Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Л.К. Заяцпен кездесті. Мемлекет, БМАТУ және МТЗ басшылығымен екі күндік келіссөздер барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде құрылған Агротехнологиялық хаб базасында Беларусь Республикасында өндірілетін ең жаңа тракторлар мен комбайндар негізінде мамандарды дайындауға және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне осы ауылшаруашылық техникаларын қолдануды насихаттауға мүмкіндік беретін демонстрациялық алаң құру жөнінде келісім орнатылды. Университетте Қазақстан-Беларусь инженерлік инновациялық орталығын құруға да мүмкіншіліктер бар екені туралы айтылды. Сонымен қатар, ҚР АӨК мамандарын дайындайтын және олардың білімдерін жоғарлататын оқу орталығы ашылады.

photo
photo
photo
Делегация, «Беларусь Ұлттық ғылым академиясының азық-түлік өнімдері бойынша ғылыми-тәжірибелік орталығында» болып, БР ҰҒА Президиумы Төрағасының орынбасары, БР ҰҒА корреспондент мүшесі П.П. Казакевичпен және Орталықтың бас директоры, БР ғылымына еңбегі сіңген қайратер, БР ҰҒА корреспондент мүшесі З.В. Ловкиспен кездесті. Ғалымдар ғылымның даму жағдайы мен келешегі, екі ел арасындағы ынтымақтастық дамуының мүмкіндіктері туралы өз пікірлерімен бөлісті, сонымен қатар, Беларусьта өндірілетін азық-түлік өнімдерінің Көрмесімен танысты.
Делегация қазақстандық елшіліктің жаңа ғимаратында да болып, Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Б. Булегеновпен кездесті.
Беларусь елі делегациясының Қазақ ұлттық аграрлық университетіне осындай жұмыс сапары 2017 жылдың қаңтар айының аяғында болады.

photo
photo
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты