Новость #181 Статистика

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Халықаралық ғылыми конференция-симпозиумы өтуде

Ағымдағы жылдың 4-6 наурыз күндері аралығында Қазақ ұлттық аграрлық  университетінде «Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығы» КАҚ, Халықаралық ауылшаруашылық экономистері ассоциациясының (IAAE), Өтпелі экономикалы елдердегі аграрлық дамудың Лейбниц институтының (IAMO, Германия) бірлесуімен ынтымақтастық-ықпалдастық жағдайында «Жібек жолы бойында ауыл шаруашылығын жандандыру: Орталық Азия аймағында ресурстар мен сауданы қайта құрылымдау» атты тақырыпта халықаралық ғылыми конференция-симпозиумы өтуде.

фото
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан Халықаралық конференция жұмысына 30 елден 200-ге жуық белгілі ғалым-зерттеушілер, Еуропа, АҚШ, Жапония, Израиль, Австралия, Ресей мемлекеттері басшыларының кеңесшілері қатысуда. Бұл бағдарламаға 150 баяндама мен 27 сессия ұсынылды. Мұндағы негізгі баяндамаларды жасаған аграрлық экономиканың танымал ғалым-зерттеушілері: Йоханс Свиннен (Белгия), Кейдзиро Отсука (Жапония), Ричард Памфрет (Австралия), Цви Лерман (Израиль), Макс Слоор (Нидерланды), Уильям Мартен (АҚШ), Мартин Петрик (Германия), Уильям Майерс (АҚШ).

Ауқымды іс-шараның атап айтарлық басты мақсаты – ғылым саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығындағы экономикалық тиімділікті арттыру әрі осы мәселеге тікелей қатысты өзекті проблема жолдарын бірлесіп шешу. Сол сияқты Орталық Азиядағы және Жібек жолы бойындағы дәстүрлік бағыттарды дамытуға атсалысу үшін бірлесіп жұмыла жұмыс істеу. Сондай-ақ осы үлкен басқосуда тәлімді тәжірибелерді іске асыру барысында өзара пікірлер мен ұсыныстарды жан-жақты талқылаудан өткізіп, салиқалы түрде сараптама жасауды іс жүзіне асыр. Түптеп келгенде оның айқын мақсаты «келісіп пішкен тон келте болмайдыға» саяды.

фото
Атап айтқанда, конференция барысы ауыл шаруашылығын қайта құрылымдау, табиғи ресурстарды басқару, технологиялар трансфері,аймақтық сауда мен интеграция сынды маңызды тақырыптарды қамтуда. Конференцияда сонымен қатар аграрлық экономиканы зерттеудің түпкі нәтижелері, ауылдық аумақтардағы су ресурстарын басқарудың, нарықтық жағдайдағы азық-түлік саудасы да назардан тыс қалмай, кеңінен қамтылды.

Конференцияны салтанатты түрде сессия төрағасы, профессор Томас Херцфелд ашты. Ол аталмыш үлкен басқосудың мәні мен маңызына егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Аталған шараның негізгі ұйымтдастырушыларының бірі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Исабайұлы Есполов өз сөзінде:
Мен ғылыми халықаралық конференция-симпозиумға қатынасып отырған барлықтарыңызды жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып келе жетқан, өткен жылы ғана 85 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұжымы атынан құттықтағым келеді. Конференцияның басты мақсаты Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығындағы экономикалық тиімділікті көтеру және басқарудағы қолға алынған шешімдерді тиянақты атқару әрі Жібек жолы бойында ауыл шаруашылығын жандандырып, дамыту.

фото
Бұл конференция-симпозиум еліміздегі елеулі оқиға деп айтуға әбден тұрарлық. Агроиннолвация мәселелерін жоғары деңгейде талқылаған Халықаралық Ауыл шаруашылығы экономистері ассоциациясы Конгресі осыдан 30 жыл бұрын, 1980 жылы Минск қаласында ауыл өткен еді. Енді міне, конференция Қазақстанда, оның ішінде біздің университетте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен орайласа өтіп отыр. – дей келе Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану үдерісін жүзеге асырып келе жатқан жоғар оқу орнының жеткен жетістіктерін баяндап, алдағы нақты стратегиялық, әріптестік бағыттағы жоба-жоспарларымен бөлісті.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен, IAAE президенті Уильям Мартин, IAMO ауыл шаруашылығы саясат департаменті бастығының орынбасары Мартин Петрик құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің көкейлерінде жүрген көкейкесті ойларын ортаға салды.

Бүгінгі күні отандық ауыл шаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы – Қазақ ұлттық аграрлық  университетінің әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен, ірі ғылыми орталықтарме өзара әріптестік  байланысы заман талаптарына сай жаңаша бағытта өріс алып келеді. Білім мен ғылымды өндіріспен ұштастырып, жаңару мен дамудың жаңа мүмкіндіктерінің қайнар көзін ашып отырған университет қадамдары мемлекетіміздің индустриалды-инновациялық жаңғыруымен бірге іске асырылуда. Университетте ұйымдастырылып отырған бұл шара шетелдік әріптестермен ықпалдастықты өркендетудің бір жолы болып табылады.

фото
Үш күнге созылатын халықаралық конференция-симпозиум жұмысында аграрлық білім мен ғылымның әр саласы бойынша семинар-талқылаулар өткізіліп, қорытынды жиында қатысушы елдер бірлескен меморандумға қол қоймақ.

фото
 
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты