Новость #725 Статистика

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Балқаш-Алакөл бассейндік Кеңесінің 25 жылдық мерейтойлық отырысы өтті

Жиында Балқаш-Алакөл бассейніндегі сушаруашылығының жай-күйі мен Бассейндік Кеңестің 26-шы отырысының жоспары талқыланды. Іс-шара еңбек ардагері, Орталық Азия сушаруашылығы проблемаларының мемлекетаралық координациялау комиссиясының ғылыми-информациялық орталығының Қазақ филиалының директоры Нариман Қыпшақбаевты «Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің 25 жылдығы» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттаумен ашылды.
Отырысқа ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Төтенше жағдайлар Министрлігі, Жергілікті атқарушы органдар, ірі кәсіпорындар-супайдаланушылар және тағы да басқа қонақтар қатысты. «Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің төрағасы Серікқали Мұқатаев және Бассейндік Кеңестің хатшысы Анара Тлеулесовалар жиынды жүргізді.
Оқу орнының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Есенбай Исламов қонақтарға Қазақ ұлттық аграрлық универстетінің тарихы және құрылымы жөнінде баяндады. Инновациялық инфрақұрылым жөнінде айта келіп, инновациялық Су орталығының қызметі мен ерекшелі жайына тереңірек тоқталды.

photo
photo
photo
Сонымен қатар, проректор жаңа KaGeWa» Қазақстан-Герман су серіктестесі орталығы жайлы айтты. Кооперативтік орталық ҚазҰАУ базасында Қазақстан мен Германия арасындағы су шаруашылығы аясында білім алмасу мен  технологияларды жеткізуде ерекше рөл атқаратынын жеткізді. Сөзінің соңында проректор мерейтойлық қатысушылардың қатысушыларына Қазақстанда су қауіпсіздігі проблемаларының шешілуінде жемісті жұмыстарды ҚазҰАУ-мен бірге атқаратынын білдірді. Қазақстанда су үнемдеу мәселесі мемлекеттік деңгейде көңіл аударуды қажет етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы жүргізілуде.
«Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің төрағасы Серікқали Мұқатаев «Су ресурстарын интеграциялық басқарудағы Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
Басқосуда Қазақстанның су ресурстарын интеграциялық басқару проблемалары, Алматы облысы және тағы да басқа аймақтардағы суармалы жерлерді қалпына келтіру, су шаруашылығының қазіргі күйі секілді мәселелер талқыланды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген Гүлназ Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты