Қазақ ұлттық аграрлық университеті Ректорының түлектерге үндеуі - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1424 Статистика

Қазақ ұлттық аграрлық университеті Ректорының түлектерге үндеуі

Құрметті түлектер, әріптестер және достар!
 
Әр жылдары Сіздер еліміздің ауыл шаруашылық білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білім алдыңыздар. Универсиет алдағы 2020 жылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Алматы Зооветеринарлық және Қазақ Ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы Университет болып құрылған оқу орнымыз 2001 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ерекше – Ұлттық мәртебе иеленді. Сол кезден бастап оқу орнымыз ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануда.
Бүгінде университет отандық агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына қызмет атқаратын, өндіріске иннновациялық технологияларды енгізе алатын, жаңаша ойлай алатын білікті мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
Университетте мамандарды сапалы дайындау үшін дамыған ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен қуатты кадрлық әлеует қалыптасқан. 2015 жылы Агротехнологиялық хаб ашылды, ол инновациялық технологиялар трансферті мен жаңа білімді енгізумен айналысады. Оның құрамына университеттің барлық инновациялық орталықтары мен зертханалары енген.
Қазіргі уақытта біздің жоғары оқу орнымыз әлемдік деңгейдегі университетке айналуда. Бұл үшін дүние жүзінің жетекші жоғары оқу орындарының үздік тәжірибелері шоғырландырылып, заманауи технологиялар тартылуда.
Университет өз түлектерін мақтан тұтады!
Сіз үшін бұл білім шаңырағы оқуды бітіргеннен кейін де туған үйіңіз болып қалады. Жыл сайын қарашаңырақ атанған университетке Қазақстанның түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шетелдерден мерейтойлық кездесулерге жүздеген түлектер келеді. Курстастар оқу жылдарын есіне алады, достардың тағдырымен танысады, тәжірибелерімен бөліседі. Мұндай кездесулерден кейін түлектердің іскерлік байланыстары артып, жаңа бастамаларға жол ашылады. Бұл кездесулер түлектерімізге күнделікті өмірде жетіспейтін қуаныш, мереке, мол қуат береді!
ҚазҰАУ үшін өз түлектерінің тағдыры мен жеткен жетістіктері аса маңызды!
2009 жылы құрылған «ҚазҰАУ түлектері қауымдастығы» жаңа формация мамандарын дайындауға және университет пен оның түлектері арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
Қауымдастықтың Миссиясы – барлық ұрпақтың корпоративтік рухын нығайтуды, түлектердің ұйымдасуы мен олардың өзара қарым-қатынасын, университетпен тиімді байланыстарын жүзеге асыру.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері:
  • имидждік қолдау, бітірушілердің мәліметтер базасын, мансаптық өсуі туралы мәліметтермен толықтыру;
  • меценаттықты және әлеуметтік көмекке зәру  студенттерді қолдауды ұйымдастыру;
  • жаңа инновациялық білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
  • университеттің оқытушылары, студенттерімен тәжірибе алмасу, дәрістер, мастер-класстар өткізуге түлектерді тарту;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру, оқу үдерісін еңбек нарығының талаптарына бейімдеу аясында жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Құрметті түлектер!
Деректер базасын толықтыру үшін университет сайтында www.kaznau.kz/page/tulekter/?lang=ru ұсынылған сауалнамаға жауап беріп, Қауымдастық бланкісін толтырыңыз. Жаңадан келушілерге қауымдастық мүшелігіне кіру туралы өтініш жазып, оны төмендегі электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: av90@kaznau.kz
 
Мекен-жайы:
050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, ҚазҰАУ түлектер қауымдастығы, байланыс телефоны +7 7272 62 03 32.
ҚазҰАУ түлектері қауымдастығының атқарушы директоры – профессор ЖАНАШЕВ Исабек Жанашұлы. Байланыс телефоны +7 (701) 744 44 72.
Республиканың барлық облыс орталықтарында, ҚР АШМ-де, ірі ғылыми және өндірістік бірлестіктерде қауымдастық филиалдары құрылады, олардың мекен-жайлары уиверситет сайтында орналастырылады.
Университеттің алдағы мерейтойы өте маңызды тарихи оқиға. Осыған  орай мерейтой іс-шараларын ұйымдастыру бойынша Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді жолдауларыңызды, сондай-ақ мерейтойды дайындау мен өткізуге университетке қандай көмек көрсете алатыныңызды хабарлауыңызды сұраймыз.
Қауымдастық жұмысына қолдау білдіргедеріңіз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз.
 
 
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор                                     Т. И. ЕСПОЛОВ
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты