Новость #359 Статистика

Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Грузия Аграрлық университетінің арасында ынтымақтастық жөніндегі келісім шартқа қол қойылды

11 қаңтарда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов жұмыс сапарымен Грузия Аграрлық университетіне барды. Сапар мақсаты – екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ықпалдастықтың мүмкіндіктерін талқылау жайы болды. Кездесу барысында Грузия Аграрлық университетінің ректоры «Грузия – ауыл шаруашылығына басты орын беретін индустриялды-аграрлық дамушы ел» екенін атап өтті. Екі елдің аграрлық оқу орындары арасындағы серіктестікте Қазақстанның аграрлық саласын дамыту мақсатында стратегиялық мәселелерді жетілдіретін мықты әлеует бар.

photo
photo
photo
Грузия Аграрлық университетінің ректоры Вахтанг Лежава сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Грузия бұрыннан бері серіктестік байланыста екендігін, бүгінгі күні мемлекеттер арасындағы жыл сайынғы тауарайналым 150 миллион долларды құрап отырғанын жеткізді. Ықпалдастық негізінен өндіріс және туризм саласын қамтып отыр. Аграрлық университтердің алдындағы міндет – ауылшаруашылығы төңірегіндегі ықпалдастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосу болып табылады.
Талқылау барысында интеграция мәселелері, ауылшаруашылықты қайта құрылымдау және аймақтық сауда, сонымен қатар, табиғи ресурстарды басқару жөніндегі бірлескен жобаларды жетілдіру мүмкіндік төңірегіндегі мәселелер қозғалды.
Кездесу барысында Қазақ ұлттық агралық университеті мен Грузия Аграрлық университет арасында ықпалдастық жөнінде келісім шартқа қол қойылды. Келісім-шарт негізінде оқушыларды, оқытушылар мен студенттерді алмасу, ауыршаруашылығы саласына қызмет көрсететін білім тарату жүйесін құру, сонымен қатар бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу жайы іске асырылатын болады.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты