ҚаҰАУ-да әлем университеттерінің «GreenMetric – жаһандық рейтингісі» халықаралық семинары өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #574 Статистика

ҚаҰАУ-да әлем университеттерінің «GreenMetric – жаһандық рейтингісі» халықаралық семинары өтті

15 маусым күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде GreenMetric – жаһандық рейтингіне қатысушы әлем университеттерінің Халықаралық семинары өтті. Ғылыми басқосуды университет ректоры, академик Тілектес Есполов өзі ашып, «Университетті тұрақты дамытудың инновациялық шешімдері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, «жасыл университет» қалыптастыру бағытында экономист-ғалым ретінде өзінің ой-пікірімен бөлсті.

фото
фото
«UI Green Metric Ranking of World Universities» агенттігінің президенті профессор Рири Фитри Сари ханымның (Индонезия) қатысуымен өткен халықаралық семинарға Қазақстанмен қатар Еуропа, Балтық жағалауы елдері мен ТМД мемлекеттерінен келген университет басшылары, жоғары білім саласындағы рейтингтік агенттік мамандары, ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдары қатысып, әріптестік байланыстар орнату мәселелерін талқылап, экологиялық таза ЖОО-ларды дамыту бойынша нақты ұсыныстарды ортаға салды.
Семинарда шетелдік әріптестермен бірлескен ғылыми жобаларды қолға алу, академиялық байланысты нығайту, аграрлық менеджментті дамыту бағдарламалары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды күшейту мәселелері де кеңінен талқыланды.
 фото
фото
Тілектес ЕСПОЛОВ,
ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик:
– Индонезия университеті – әлемдегі жоғары оқу орнындарында экология туралы білімді тарату мақсатында ғаламдық университеттік ГринМетрик рейтинг жүйесін құрған. Бұл рейтингтің мақсаты академиялық қоғамның назарын экология мәселелерін шешуге, сонымен қатар бүкіл әлемдегі университтердің барлығының экологиялық мәдениеттілігін жоғарылатуға, айта кеткенде университет алаңдарын жасылдандыру, қағаз бен пластик өнімдерін пайдалануды қысқарту, су ресурстарын тиімді қолдану, территорияда тұратын жеке көліктердің санын азайту.
Осындай шараларды іске асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуы қажет Мысалы, экологиялық зардаптардың алу үшін зерттеу қорлары, экологиялық мәселелерге арналған мақалалар жарияланып, оқу бағдарламалары әзірленіп, зерттеу жұмыстары орындалуы тиіс.
Бүгін біз «жасыл» экономика моделіне қатысты «экологиялық» инфрақұрылымды құру, яғни университет профессор-оқытушылар мен білім алушылардың университет ғимараттарына, қоршаған ортаға деген қатынасы негізінде жоғары оқу орындарындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру сұрақтарын талқылау үшін осы семинарға жиналып отырмыз.
Осы бағытта университте көптеген жұмыстар атқарылуда, соның арқасында біздің университет Стамбул университетінде өткен Дүниежүзілік университет желілері конференциясында Гринметрик Атқарушы Комитетінің құрамына кіріп, ГринМетриктің Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің ұлттық координаторы болды.
Осы бағытта 15 білім беру бағдарламалары әзірленді. Атап айтатын болсам, «Гринкипер», «Ландшафт дизайны және көгалдандыру», «Өсімдіктердің биоинженериясы», «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты рационалды пайдалану», «Экология және қоршаған ортаны миниторингтеу» және т.б.
20-дан астам жаңа пәндер енгізілді, мысалы: «Заманауи жасыл технологиялар және экологиялық дизайн», «Экологиялық мәдениет», «Қоршаған және биологиялық ортаны сақтау», «Жасыл технологиялар мен қайта қалпына келтірілетін ресурстар», «Қоршаған орта және адам» және т.б.
Университет ғалымдары 15 астам ғылыми жобаларды орындайды, соның ішінде жергілікті балықтарды экологиялық таза азықтандыру арқылы органикалық өнім өндіру, ресурсүнемдеуші технологияларды ендіру арқылы түйе етінен консервілер жасау, орман ресурстары мен жануарлар әлемін сақтау және дамытуды басқару және т.б.
Осы жұмыстардың нәтижесінде бір жылдың ішінде университет ғалымдары 22 патент 5 монография, 9 ғылыми нұсқаулар әзірленіп, шығарылды. Қазір 9 жоба патенттеуге жіберілді. Университет аумағын көгалдандырумен айналысатын және ғимараттардың тазалығын қамтамасыз ететін «Жасыл ел» студенттер жасағы құрылған.

фото
фото
Индонезия университеті ұсынған бірегей агенттік 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Басты мақсат – білім, ғылым, жаңа инновациялар арқылы энергия үнемдеуші технологияларды дамыту, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық проблемалардың алдын алу, заманауи білім сапасын көтеру.
«UI Green Metric» «жасыл» рейтингісінің 2016 жылғы нәтижесі бойынша Калифорнияның Беркли университеті, АҚШ-тың Дэвис университеті, Нидерландының Вагинген университеті, Оксфорд университеті, Ноттингем университеті, Киль университеті, Ұлыбританияның Ньюкасл университеті, Австрияның BOKU университеті сынды беделді жоғары оқу орындары үздіктер санатына енген.
Жыл басында Стамбулда өткен халықаралық конференцияда, GreenMetric басшылығының ұсынысымен және жаһандық рейтингіне мүше университеттердің қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық университеті GreenMetriс Атқарушы Комитеті құрамына мүше болып, әлем университеттерінің жаһандық рейтингісінің Ұлттық үйлестірушісі болып бекітілген.  ҚазҰАУ-дың GreenMetric жобасына мүше болуы – агралық оқу орнының кейінгі жылдары инновациялық бағытта іске асырған жоғары жетістіктері мен үлкен мүмкіндіктерінің дәлелі.    
Семинар қорытындысы бойынша арнайы Қарар қабылданып, қатысушы тараптар бірлескен моморандумға қол қойды.
 
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты