«Қарттарым- асыл қазынам» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1114 Статистика

«Қарттарым- асыл қазынам»

       2018 жылдың 19 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигена» кафедрасында ассистент А.М.Харесова мен ВМ-407 топ студенттері бірлесе отырып,  «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік  іс- шарасы өткізілді.    
Іс-шараның өткізілуінің негізгі мақсаты- студенттердің  бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Шараның шымылдығын ВМ-407 топ студенті Бердіқожа Райымбектің орындауында «Ассалаумағалейкум» атты әнімен ашты.

Қожамұратов Нұрбол Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр»
... Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
 
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
 
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
 
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,- өлеңін нақышына келтіре оқыды.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

photo   photo

photo
Шара соңында кафедра меңгерушісі Қ.Д.Алиханов ортамызда жүрген қарияларымызды құттықтап, ұйымдастырушыларға осындай шаралардың әлі де жалғасын табатынына сенім білдірді.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, шара соңында «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигена» кафедрасының профессоры биология ғылымдарының кандидаты  А.Ж.Сахариянов студенттерге алғыстарын айтып, батасын берді.
 
 
Орындаушылар: «Ветеринариялық-санитариялық  
сараптау және гигиена»  кафедрасының оқытушылары

Харесова А.,
Абжалиева А.,
Губайдуллина М.,
Айдарбекова А., Аллабергенова А.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты