Новость #199 Статистика

Kанадалық Лайкленд колледжі мамандары ҚазҰАУда

ҚазҰАУ басшылығы Лейкленд колледжінің (Канада, Альберта провинциясы) өкілдерін қабылдады.

фото
Қазақ ұлттық университетінің кіші залында Канададан келген шет елдік қонақтармен кездесу болды. Канадалық делегация құрамында Альберт профинциясының  өкілі Аридж Башар мен Лейкленд колледжі халықаралық серіктестік департаментінің директоры Джеф Браун бар.

Университет ректоры, академик Есполов Тілектес Исабайұлы келген меймандарымызды құрметпен қарсы алып, екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың артықшылықтары жайында айтып өтті.

Канадалық тарап та ауыл шаруашылығы саласында білім беру мен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Қазақ ұлттық университетімен серіктестік байланыс орнатудың маңыздылықтарын атап көрсетті. Колледждің халықаралық серіктестік департаментінің директоры Джеф Браун:
-Лейкленд колледжі өзінің 100 жылдық тарихы бар Канада еліндегі іргелі оқу орындардың бірі. Колледж кәсіби сапалы білім беруде жеткен жетістіктері үшін Канадағы ең беделді жоғары оқу орны болып табылады.

фото
- Біздің колледжде аграрлық сала мамандарын жан-жақты кәсіби дайындауға барлық мүмкіндіктер жасалынған.  Канадалықтардың өмір сүру стилі мал шаруашылығымен байланысты. Сол себепті оқу орнымыздың базасында егіншілік пен мал шаруашылығының қыр-сырын үйрететін жеке-меншік фермаларымыз да бар. Осыдан алты жыл бұрын біз колледж аумағын кеңейтіп қосымша оқу ғимараттар мен фермалар салдық. Білім беру барысында New Holland Equipment  компаниясы ұсынған заманауи жаңа техникалар пайдаланылады.  Бұл компаниямен біздің оқу орны 10 млн. долларға келісім шарт жасасқан. Сонымен қатар 2010 жылы колледж 2,3 млн. доллар көлемінде мемлекеттік грант ұтып алса, ал 2013 жылы Канаданың 50 үздік зерттеу оқу орындарының тізіміне кірді - деді.

фото
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға қол қойылды.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты