Израильдық мамандармен әріптестік дамып келеді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #850 Статистика

Израильдық мамандармен әріптестік дамып келеді

     Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Қазақ ұлттық аграрлық университетіне      Израйльдың Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский арнайы жұмыс сапарымен келіп, университет басшылығымен, оқытушы-профессорларымен кездесіп, оқу орнының ғылыми-инновациялық базасымен танысты.
Елшімен кездесуде ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА  академигі Тілектес Есполовек ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, университетте израильдық әріптестермен бірлесе атқарылып жатқан жобалардың маңыздылығын атап өтті.
 
 
     Өз кезегінде Елші Михаэль Бродский екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін айтып, агроөнеркәсіп саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.
Кездесу барысында университет басшысы Тілектес Есполов Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануды іске асырып жатқан университеттің бағыт-бағдары туралы кеңінен әңгімелеп, ҚазҰАУ мен Израиль университеттері арасындағы байланыс пен ғылыми-зерттеу жұмыстары әлі де жалғасы беретіндігіне тоқталды.
     Бүгінгі таңда ҚазҰАУ Израильдің ауылшаруашылық саласына маманданған университеттерімен, ғылыми орталықтарымен екі жақты келісім негізінде тәжірибе алмасу, жаңа буындағы мамандар дайындау, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, магистранттар мен докторанттардың білімін жетілдіру, халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысу, бірлескен ғылми жобаларды өндіріске дайындау бағыттары бойынша ықпалдастық сипатта жұмыс атқаруда.
     Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен тель-Авив университеті  2016 жылы әріптестікті дамыту жөнінде 2021 жылға дейінгі ұзақ мерзімді меморандумға қол қойған болатын. Қазіргі уақытта осы меморандум аясында нәтижелі іс-шаралар тиімді жүзеге асырылып келеді.
     Израиль ғалымдары ҚазҰАУ ұйымдастырып жүрген ірі халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конференцияларға, Агротехнологиялық саммит жұмсысына тұрақты қатысып тұрады.
Мысалы,  Иерусалимдегі Еврей университетінің білікті ғалымдары университетімізде өткен «Жібек Жолы бойындағы табысты ауылшаруашылық іс-шаралары» халықаралық симпозиумында баяндама жасап, өз жобаларын таныстырған болатын.
     Израильдық мамандар университет базасында ағылшын тілін үйретудің EDUSOFT интерактивті әдістемесі бойынша қазақстандық ауылшаруалышылық мамандарына арнайы тренинг өткізді.
Университет оқытушылары, магистранттары мен докторанттары бірнеше жылдан бері Израиль үкіметінің  «Машав» бағдарламасы бойынша нарықта сұранысы жоғары аграрлық мамандықтар бойынша тағылымдамадан өтуде.
 
 
     Өз кезегінде Елші университет базасындағы заманауи Агротехнологиялық хаб, соның ішінде Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық көрсетілім алаңы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Қазақстан-Корей инновациялық орталығы, Инновациялық Су орталығы және Инновациялық жылыжай жұмысымен танысып, университет ректоры Тілектес Исабайұлының басшлығымен оқу орнында атқарылып жатқан ауқымды істерге оң баға беріп,  алғысын білдірді.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: Мамыржан Ботабеков, Гүлназ Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты