Новость #580 Статистика

IV Жазғы мектеп жұмысын аяқтады

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жанындағы Инновациялық Су орталығында IV Жазғы мектептің жабылу шарасы өтті. Қазақстан-Неміс университетімен бірлесе жасалған жобаның ашылу салтанаты да 5 маусымда осы оқу орнында өткен болатын.
«Орта Азияның су және жер ресурстарына мониторинг пен бағалау жүргізудің құралдары мен әдістері» тақырыбында өткен CAW жобасы IV Жазғы мектеп халықаралық семинарына Ауғанстан, Пәкістан елдерін қосқанда Орта Азияның барлық мемлекеттерінен қатысушылар жиналды. Вюрцбург университеті, Германия жер жөніндегі ғылымдар орталығы, Фрайбург университеті, Назарбаев Университеті, Астанадағы ОБСЕ Офисі және Қазақстан-Неміс университеттері тренерлерінен қырықтан аса ғалымдар мен мамандар білім алды.

photo
photo
IV Жазғы мектеп Орта Азиядағы су және жер ресурстарына мониторинг пен бағалау жүргізу үшін қолданылатын инновациялық әдістер мен құралдарды таныстыруға арналған шара. Бұл әдістер су және жер ресурстарын кешенді басқаруды енгізуде маңызды роль атқарады.
Семинар барысында Орта Азиядағы су және жер ресурстарын басқарудағы жаңа әдістер мен құралдарды қолдану бойынша дәрістер тыңдалып, тәжірибелік жаттығулармен талқыға салынды. Бағдарлама аясында геоақпараттық жүйе (ГАЖ), R-тілі статистикалық бағдарламалау, су және жер ресурстарын қашықтықтан зондтау мәселелері қамтылды.
IV Жазғы мектептің жабылу салтанатына қатысушыларға «CAW 2017 IV Жазғы мектебіне қатысқаны үшін сертификаты» тапсырылды. Аталған құжат Жазғы мектепті ұйымдастыруға белсенді атсалысқан қызметкерлер мен әріптестерге де берілді.
 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Архив новостей