Новость #530 Статистика

IV Халықаралық VETСтамбул Конгресі

IV халықаралық VETСтамбул Конгресіне әлемнің 8 елінен жиналған делегаттар Қазақ ұлттық аграрлық университетіне ат басын бұрды. IV халықаралық VETСтамбул Конгресін Қазақ ұлттық аграрлық университеті Түркияның Стамбул университетінің Ветеринария факультетімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Конгреске мүше Түркия, Қырғызстан, Польша, Испания, Босния мен Герцоговина, Македония мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы бағытындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ғылыми орталықтардың ветеринар мамандары бас қосты. Қонақтар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасындағы заманауи Агротехнологиялық хаб, соның ішінде Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық көрсетілім алаңы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Оқу-тәжірибелік бақ, Инновациялық Су орталығы және Инновациялық жылыжай жұмысымен танысты.

photo
photo
11 мамырда жұмысын бастаған ғылыми-тәжірибелік басқосуды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бірінші проректоры, профессор Қанат Тіреуов ашты. Қанат Маратұлы конгресті өткізудің мақсатына, ветеринария саласы мамандарының академиялық,  кәсіби және интеллектуалды біліктілігін арттыру, ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейтіп, инновациялық технологияларды енгізу, әлемдік ветеринария саласы бойынша ғылыми негізделген ақпараттар мен жаңалықтарды қолжетімді ету, ветеринариялық-санитариялық бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ветеринарияның маңыздылығын  арттыру екендігіне тоқталды. Қазақ ұлттық аграрлық университеті VETСтамбул Конгресіне 2014 жылдан бері мүше.

photo
photo
photo
Шараға мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ветеринарлық стансалардың, клиникалардың, дәріханалардың басшылары мен мамандары, мал шаруашылығы мен үй жануарларына арналған  тауарлар мен дәрі-дәрмектерінің дистребьюторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Келесі кезекте Стамбульского университетінің деканы профессор, ғылым докторы  Гювен Кашикчи, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ветеринария факультетінің деканы Гүлмира Джанабекова және басқа да елдерден келген ғалымдар баяндамалар жасады.

photo
photo
photo
photo
Екі күнге созылған конгресте Тамақтану гигиенасы және технологиясы, Клиникалық білім, Малшаруашылығы, Іргелі ғылымдар, Клиникаға дейінгі ғылым, тағы басқа сегіз секция бойынша пленарлық отырыстар өтті. Жиын аясында келіссөздер жүргізіліп, инновациялық жобалардың таныстырылымдары өтті. Жан-жақты тәжірибе алмасу мақсатында білікті сарапшылардың қатысуымен ветеринария саласының бағыттары бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

photo
photo
Конгресс жұмысы – отандық агроөндірістік кешен қызметкерлері мен ветеринарлық ғылым мен медицина саласының білікті мамандары арасында екіжақты диалог орнатуға, ортақ кәсіби мәселелерді талқылауға, ауыл шаруашылығы мен өндірісін дамытуға бағытталған инновациялық іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді деп күтілуде.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков
 
 
Читайте также Архив новостей