Новость #573 Статистика

ISAS-2017 Халықаралық Жазғы мектеп жұмысын бастады

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ISAS-2017 Халықаралық Жазғы мектептің ашылуы болды. Шараға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары, шетелдік ғалымдар, ғылыми саладағы ұйымдар және өндіріс өкілдері, алыс-жақын шетел магистранттары, ҚазҰАУ-нің және Қазақстан Республикасының аймақтық университеттерінің магистранттары қатысты.

photo
photo
Жиынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші проректоры, академик Қанат Тіреуов сөз сөйлеп ашты. Шетелдік ғалымдардың осындай маңызды шараға қолдау танытқандарына, ризашылығын білдіріп, қонақтарды таныстырды. Өз кезегінде Александрас Стульгинскис университететінің (Литва) профессоры, PhD Петрас Пунис, CIRAD проектісінің ғылыми жетекшісі (Франция), ФАО халықаралық сарапшысы, PhD Бернард Файе, ФМҚҒМ ФТРОБҚ (Ресей), в.ғ.д. Чернов Альберт Николаевич, тағы да басқа Белоруссия, Словакия, Германия елдерінен келген ғалымдар сөз сөйледі.

photo
photo
Халықаралық Жазғы мектептің қатысушылары «ҚазҰАУ: ғылым мен білімдегі инновациялар», Ғылыми әдебиеттер көрмелерін тамашалап, Университет мұражайын аралады.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ISAS-2017 Халықаралық Жазғы мектеп жетінші рет ұйымдастырылып отыр. 13-25 маусым аралығында мектеп бағыттары бойынша «Су ресурстарын басқару», «Жасыл экономика», «Ветеринария», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар және техникалық жабдықтар», «Биотехнология және тағам қауіпсіздігі» мектептері жұмыс істейді. Солардың арасында «Су ресурстарын басқару» мектебіне Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Есполов Тілектес Исабайұлының өзі жетекшілік етеді.
Халықаралық жазғы мектеп жұмысының алғашқы күнінде «EXPO-2017 Future energy, Болашақ жастардікі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Алдағы күндері әр мектептің жұмыс бағдарламасына орай, ғалымдар лекциялар оқып, шеберлік сыныптары аясында дәрістер талқыланып, тәжірибе алмасу бағытында арнайы мекемелерге экскурциялар жоспарланған.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Архив новостей