Новость #653 Статистика

Инженерлік саланың ғалымдары марапатталды

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кіші залында халықаралық білім-ғылым кеңістігінде жетістікке жеткен бір топ ғалым Алтын медальмен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Қыркүйектің соңында Ресейдің Севастополь қаласында өткен «Новое время» өнертабыс және жаңа технологиялардың XIII халықаралық салонына 30 елдің 500-ден аса ғалымдары қатысқан болатын. Осы халықаралық жобаға өз жұмыстарын ұсынған «Агроинженерлік мәселелер және жаңа технологиялар» ғылыми зерттеу институтының директоры Садықов Жарылқасын Сәрсембекұлы бастаған бір топ ғалымның еңбектері озық деп танылды. «Новое время» ұйымының өкілі Владимир Романов Қазақ ұлттық аграрлық университетіне арнайы келіп ғалымдарға медаль мен дипломдарды табыстады.

photo
photo
 Алтын медальмен және дипломмен төмендегі ғалымдар марапатталды:
«Кез келген ауылшаруашылығы дақылының пісіп-жетілгендігін анықтау тәсілі және оны жүзеге асыру» идеясын әзірлегені үшін Ж.Садықов бастаған бір топ ғалымдар;
«Астық көлік құралының шанағындағы сәулелендіру қондырғы» идеясын әзірлегені үшін: Ж.Садықов, Э.Жалнин, А.Измаилова, Л.Шибряева, С.Садықова, Е.Мақашева;
«Гелиокептіргіш» және «Көкөніс дақылдары көшетін отырғызу агрегаты» моделін әзірлегені үшін «Машина жасау» кафедрасының профессоры Марат Хазимов және К.Хазимов;
Осы ғалымдар «Новое время – 2017» Салонында жоғары дәрежелі техникалық әзірлеме ұсынғаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Одан бөлек Жарылқасын Сәрсенбекұлына ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «25 жылдық мерекелік медаль» тапсырылды.
Жиын соңында медаль мен диплом иегерлері ғалымдар еңбегінің еленуі, жарыққа шығуы, арнайы жүлделерді иеленуі білім мен ғылымның алға жылжуына үлкен серпіліс беретінін жеткізді.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков  
 
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты