«Ядролық қарусыз әлем» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1029 Статистика

«Ядролық қарусыз әлем»

       Бүгін, 2018 жылдың 29 тамыз Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 27 жыл толуына және «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем» атты кездесу-конференция өтті.
Жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартып, ядролық сынақ алаңын жабу мәселесі дүниежүзі бойынша ең бірінші Қазақстанда көтерілді. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ жерінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды.
Бұл – ядролық қарудан жапа шеккен қазақстандықтардың ғана мәселесі емес, бұл – әлем халқының жанайқайы еді.
 
photo   photo
photo   photo

29 тамыз – Семей полигонының жабылған күні. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында Қазақстан Респбуликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша бұл күн –  Халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілген. Бұл дата елімізде жыл сайын аталып келеді.
Осы орайда аталған іс-шараға «Жапония-Еуразия елдері» қоғамының 20 мүшесінен тұратын арнайы делегация келді. Қадірлі қонақтарды университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов қарсы алып, алдымен оқу орны базасында 2004 жылы ашылған О.Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институты жанындағы «Таза планета» Ғылыми-танымдық орталығының жұмысымен таныстырды. Конференцияға қатысушылар сондай-ақ Елбасы қолдауымен университет базасында 2010 жылы құрылған «Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығында болып, онда атқарылып жатқан ғылыми жобалармен танысты.
Конференция жұмысын университет ректоры Тілектес Есполов ашып, ядролық қарусыз әлем құрудағы Қазақстанның басты орнын ерекше атап өтіп:
« – Ядролық қарудан келетін қасіретті сөзбен толық айтып жеткізу мүмкін емес. Ол – экологиялық апат, бүлінген топырақ, жарамсыз су, ластанған ауа. Бұл қасіреттер жер бетіне қатер төндіріп, табиғат пен адамзатқа үлкен зиян келтірді. Жапониядағы Хиросима, Нагасаки мен Қазақстандағы Семей полигонында болған алапат ядролық жарылыстардың зардабын халық әлі де көріп келеді. Сондықтан, ядролық қарусыз әлем құру жер бетіндегі барша халықтың басты міндеті болуы тиіс.» – деді.
 
photo   photo
photo   photo
 
Халықаралық конференцияда  «Жапония-Еуразия елдері» қоғамының президенті Такеда Масанао «Жапон жеріндегі Ядролық қаруды жою қозғалысы туралы» баяндап, екі елге ортақ мәселелерді бірлесіп шешудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Хиросимадан Курокава Томиаки, Токиодан Ямада Таэ сынды жапондық делегация мүшелері тақырыпқа орай өз ойлары мен ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Қазақстан тарапынан конференция жұмысына «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенді мүшелері, «Қазақстан-Жапон» достық қарым-қатынас қоғамының президенті Жібек Әмірханова, ядролық қаруға қарсы қозғалыстың ардагері, әлеуметтанушы Майдан Әбішев сынды қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, ҚазҰАУ оқытушы-профессорлары, студент жастары мен журналистер қатысты.
 
photo   photo

photo
Жиын барысында «Хиросима мен Семей қалаларының  арасындағы қарым-қатынас», «Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап  шеккендердің бүгінгі жағдайы: медициналық, әлеуметтік, қоғамдық оңалту  формалары»  атты тақырыптар талқыланып, алдағы мақсаттар белгіленеді.
 

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты