Новость #538 Статистика

Эразмус Мундус серіктестігінің Орталық Азияға әсері

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Эразмус Мундус серіктестігінің Орталық Азияға әсері» тақырыбында Еуроодақ және Орта Азия елдерінің бірлескен конференциясы өтуде. Конференция Эразмус Мундус бағдарламасының 10 жылдығына арналған.

photo
photo
photo
Жиынға Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, Франция, Словения, Германия, Португалия, Австрия, Нидерланды, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан сияқты әлемнің 15 елінен қатысушалар келген. Нақтырақ айтсақ, конференция жұмысына Еуропаның 16, Орталық Азияның 15  және Қазақстанның 12 жоғары оқу орныннан 70 өкіл қатысуда.

photo
photo
Жиынды университет ректоры, ҰҒА вице-президенті,  академик Тілектес Есполов ашып, университет тарихы, инфрақұрылымы, аталған бағдарлама аясында атқаралып жатқан жұмыстар барысына тоқталып өтті:
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2010 жылдан бері Эразмус Мундус бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Осы уақыт ішінде университетіміз ұлттық координатор ретінде 3 CASIA жобаны жүзеге асырды. Бұл жоба бойынша еуропалық оқу орындарында білім алуға немесе тәжірибе алмасуға 80-нен астам адам жіберілді. Аталған жобалардың барлығы сәтті   шығып, оқу орнымыздағы академиялық ұтқырлық бағдарламасын одан әрі дамытуға септігін тигізді.
Бүгінгі таңда университет халықаралық кредиттік ұтқырлықтың 8, Эразмус плюстің 3 жобасына қатысуда. Еуропаның, Америка, Азия-Тыных мұхиты аймағының 120 жоғары оқу орны мен ғылыми орталықтарымен әріптестік байланыс қарқынды дамуда. Мысалы, биылғы оқу жылының өзінде АҚШ, Чехия, Словакия, Германия, Финляндия, Корея, Литва, Латвия, Ресей және т.б мемлекеттерден 68 ғалым біздің оқу орнымызда сабақ берді.
Университет 11 халықаралық консорциумға, соның ішінде ГЧЕРА – әлемнің жетекші аграрлық оқу орындары консорциумы, ғылым-білім серіктестігін дамыту бойынша Тынық мұхиты-Еуразиялық UNIET желісі, ТМД елдерінің жетекші аграрлық оқу орындарының кеңесіне мүше. Сонымен қатар, оқу орнымызда түрлі форматтағы халықаралық конференциялар жиі өтіп тұрады», - деп, конференцияның нәтежиелі өтіп, академиялық ұтқырлықты одан әрі дамытуға бағытталатын нақты шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

photo
photo
Конференция жұмысына Еуроодақтың Орта Азия бойынша жобаларының жетекшісі Элиза Мавиглиа, координаторлар Каролина Мансилла (Барселона, Испания), Элиза Замбон (Падова университеті, Италия), София Сименс (Лас Палмас де гран Канария университеті, Испания), Мойш Махер Пирк (Любляна университеті, Словения), Әлия Ақтымбаева (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Ева Виетсма (Вагенинген университеті, Нидерланды), және Эразмус мундус бағдарламасының Қазақстандағы координаторы Шайзада Тасболатова қатысып, баяндама жасады.
Конференция барысында Эразмус Мундус бағдарламасы жобалары нәтежиелерінің Орта Азия жоғары оқу орындары қызметіне әсері, интернационалдандыру үрдісі, сонымен қатар аталған елдердегі жоғары білім беру жүйесіне байланысты мәселелер талқыланып, академиялық ұтқырлық, оның мәдени, әлеуметтік маңыздылығы жөнінде тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар, қонақтар Агротехникалық хабтың қызметімен танысты.

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото. М.Ботабеков 
Читайте также Архив новостей