Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері авторлық «Елбасытану» элективтік курсын өткізді - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #681 Статистика

Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері авторлық «Елбасытану» элективтік курсын өткізді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітап­ханасы, Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік орталық музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы өз жұмысын бастады. Осы шара аясында Қазақ ұлттық аграрлық университеті де бірқатар шараларды өткізуді қолға алды.
11 қараша Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова бастаған делегация университетке арнайы келді. «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері»  тақырыбында семинар өткізді.

photo
photo
Жиынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Жанар Дауренбаева  құттықтау сөзбен ашты. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова көрменің маңыздылығына тоқталды:
− 1997 жылдың 8 қарашасында мем­лекеттік рәміздер мен Президент байрағы Алматыдан Ақмола қаласына, яғни қазіргі елордамыз Астанаға салтанатты түрде жеткізілген болатын. Сол сәтке 20 жыл толып отыр. Көрме жобасы Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне және аста­на­ның ауысуына 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Осы 20 жыл ішінде оңтүстік астанамыздың қалың жұртшылығына Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстан мен елордамыздың қалыптасу тарихындағы рөлін мұрағат құжаттары мен жәдігерлер арқылы жүйелі түрде кеңінен көрсету. Себебі, Елбасы кітапханасының қорында жинақталған 3 негізгі күрделі бөлік – Елбасының жеке мұрағаты, жеке кітапханасы мен музейі ширекғасырлық тарихты қамтитын баян­ды тәуелсіздігіміз жайлы сыр шертетін жәдігерлерге толы. Бұл жәдігерлер жай ғана сыйға тартылған заттар емес, әрқай­сысының дипломатиялық саяси мәні бар. Төрт бөлімнен тұратын көрмеге келуші­лердің назарына Н.Назарбаевтың шетел­дік мемлекет басшыларынан берілген жоғары мемлекеттік наградаларының, Қасиетті Құрандардың бірегей жинақ­тары, мемлекет басшылары және қазақ­стандық авторлардың қолтаңбасымен сый кітаптар, сондай-ақ Н.Назарбаевтың шет тілдеріне аударылған еңбектері ұсыны­лады.

photo
photo
photo
Семинар барысында Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері авторлық «Елбасытану» элективтік курсы және «Лидерлік қасиетті дамыту» семинар-тренинг өтті. Курстың мақсаты – өскелең ұрпақты өз бетінше тарихи ойлауға баулу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұлғалық және саяси ұстанымдарын жасөспірімдер арасында насихаттау.
Жиын соңында «Елбасытану» «Лидерлік қасиетті дамыту» атты элективтік курстардан өткен 50 студентке сертификаттар табысталды.
13 қарашада «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингі, 14 қарашада «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен жалғасады.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: Мамыржан Ботабеков, Гүлназ Әділхан
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты