Новость #604 Статистика

Елбасы ҚазҰAУ ректоры Тілектес Есполовты қабылдады

Кездесу барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры жоғары оқу орнының қызметі мен даму перспективасы жөнінде мәлімдеді.

Біз бүгінде он бір халықаралық консорциумға мүшеміз. 2015 жылдан бастап QS ЕЕСА («Дамушы Еуропа және Орталық Азия») тұжырымы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне қатысып, бұл бағалау аясында алғашқы жылы 150 жоғары оқу орнының ішінен 67-орынға ие болдық. Қазіргі уақытта университетте 50-ге жуық ғылыми жоба іске асырылуда, – деді Т.Есполов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына отандық агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық дамытуға мүмкіндік беретін университеттің агротехнологиялық хабының қызметі жөнінде айтылды.

Бұл хаб жаңа технологияларды, идеялар мен стартап жобаларды іздестіруге, оларды тартуға және енгізуге, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік серіктестігінің тетіктерін іске асырып, университеттің өзін-өзі қаржыландыруын және дербестігін қамтамасыз етуге арналған, – деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры.

Қазақстан Президенті еліміздің аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми орталық құру қажет екенін атап өтті.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу мен мамандарды даярлаудың тиімділігін арттырған жөн. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өнімдерінің көлемін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы көре аласыздар: http://khabar.kz/kz/news/saysat/item/88146-elbasy-aza-ltty-agrarly-universitet-rektory-t-espolovty-abyldady
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты