Новость #738 Статистика

Экологиялық конференция өтті

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университеті Инженерлік факультетінің «Машина пайдалану» кафедрасындағы «Серпін» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен «Алматы қаласының экологиясы: автокөлік құралдарының қоршаған ортаның ластануына ықпалы» тақырыбында магистранттар, студенттер, жас ғалымдар мен профессор-оқытушылардың қатысуымен ғылыми конференция болып өтті.

photo
Алматы қаласының экологиясы туралы төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
1. «Автокөлік ағындарымен  Алматы қаласы ауа бассейнінің экологиялық ластануын зерттеу» - баяндамашы 2-курс магистранты Ахметбаев К.
2. «Алматы қаласындағы көлік құралдарының қоршаған ортаға зиянды шығарылымдарын зерттеу» - баяндамашы 2-курс магистранты Беспаев Б.
3. «Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында көліктерді пайдалануды оңтайландыру» - баяндамашы 2-курс магистранты Тәжітай Ғ.
4. «Алматы қаласының экологиясына автотранспорттың әсері» - баяндамашы 3-курс студенті Жұмағалиев Е.
5. «Алматы қаласының экологиясы» - баяндамашы 3-курс студенті Жанабаева Г.

Ғылыми конференция барысында қоршаған ортаның  экологиясына автокөлік құралдарының тигізетін зияны жайында көптеген сұрақтар қойылып жауаптары тыңдалды және қызу пікірталас болды. 
Конференция тақырыбына байланысты  т.ғ.к., профессор Хазимов М.Ж., т.ғ.к., аға оқытушы Сейтимов С., аға оқытушы Күнтуғанқызы А. өз ойларын ортаға салды.
Ғылыми конференцияны «Серпін» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі философия докторы (PhD), аға оқытушы Касымбаев Б.М қорытындылай келе, қатысушылардың барлығына ризашылығын білдірді.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты