Дөңгелек үстел «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #525 Статистика

Дөңгелек үстел «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Инженерлік факультетінің «Кәсіптік оқыту» кафедрасында 2017ж. 28 сәуір күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру және талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

photo
Дөңгелек үстелге «Кәсіптік оқыту» кафедрасының оқытушылары мен 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бойынша оқуға келген К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің 550800 – «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері де шақырылды.
Дөңгелек үстел қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына, «Заманауи Қазақстанды өз қолымен, күшімен және талантымен жасап отырған адамдардың нақты бейнесін қоғамға көрсетуге» қатысты өз ойларын ашық айта отырып, белсенді және қарқынды талқылады.

photo
К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінен келген студенттер өз университеттері туралы ақпарат келтірілген презентацияны көрсетіп, рухани жаңғыруға қатысты өз пікірлерін айтты.
Жалпы алғанда «Кәсіптік оқыту» кафедрасы ұйымдастырып, өткізген дөңгелек үстел қызықты және нәтижелі өтті.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты