Диплом тапсыру күні ерекше өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1565 Статистика

Диплом тапсыру күні ерекше өтті

2019 жылдың 4 шілде күні  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бітіруші  бакалавр, магистр түлектеріне диплом табыс етілді. Қара шаңырақ – аграрлық университеттің бұл түлектері – тоқсаныншы  бітірушілер.      ҚазҰАУ-дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл шара биыл ерекше жағдайда ұйымдастырылды.
 

«Агробиология» факультетінен 160 бакалавр, 12 магистр, «Технология және биоресурстар» факультетінен 181 бакалавр, 17 магистр,  «Ветеренария» факультетінен 344 бакалавр, 31 магистр, «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінен бакалавр 238, 22 магистр, «Гидротехника, мелиорация және бизнес» фаультетінен 159 бакалавр, 42 магистр, «ІТ технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» 220 бакалавр, 26 магистрге диплом берілді.
 

Аталған  алты факкультеттің арадагер ғалымдары, айтулы академиктер, білікті оқытушы-профессорлары, кафедра меңгерушілері, декандар өз түлектерін өздері марапаттап, ақжол тіледі.  Әр факультеттен жүздеген бакалавр мен ондаған магистрлермен бірге ата-аналарының қуанышты жүздері, қошеметші достарының құттықтау сөздері, оқытушы-ұстаздардың ақжарма тілегі университет ауласын шаттыққа бөлеп, салтанатқа айналдырды. Мұнымен қоса шетелдік ғалымдар, елшіліктен келген қонақтар мерекенің мерейін асыра түсті.  
 

Бірінші проректор Қанат Тіреуов, ректор аппаратының жетекшісі Марина Алексеева, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Жанар Дәуренбаева сынды университет әкімшілігінің өкілдері факультеттерге арнайы барып, бітіруші түлектерге игі тілектерін айтып, ректордың  құттықтауын жеткізді.
 

Осылайша студенттік шақ диплом алумен аяқталып, жас мамандар үлкен өмірге қадам басты. Қадамдарыңыз құтты болсын, қымбатты түлектер!
 
 
Еділ АНЫҚБАЙ
«Agro-PR» инновациялық
орталығының жетекшісі
Фото: М.Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты