«Дәстүр және ғұрып» – ұлттық тағамдарды дәріптеу жобасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Университет қашықтықтан білім беруге көшті
Новость #2207 Статистика

«Дәстүр және ғұрып» – ұлттық тағамдарды дәріптеу жобасы

Отандық аграрлық ғылым мен білімнің қара шаңырағы  –  Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен жоғары оқу орындары арасында өтіп жатқан «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеу челленджін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан үлкен ықыласпен қабыл алды.
 

Осынау игілікті бастамаға біздің университтеттің 6 бірдей факультеті үлкен үлес қосты. Ғасырлар өте келе ұмытылып бара жатқан, өте сирек дайындалатын, бірақ адам ағзасына аса пайдалы ұлттық тағамдарды көпшілікке насихаттап, қайта жаңғырту мақсатында жасалып жатқан бұл шараның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан университеттің оқытушы-профессорлар құрамы  ұлттық тағамдардың ішінен, әсіресе қазіргі пандемия кезінде адамның иммундық жүйесін күшейтіп, ауруларға қарсы тұруға емдік қасиеті зор түрлеріне көбірек назар аударды.
 

Факультеттердің оқытушы-профессор құрамы  жаужүрек, бүрмеқарын (жылқының қарнынан), үлпершек, қарынбүрме (қойдың қарнынан), қуырдақ және нансалма сияқты күнделікті өмірде көп дайындала бермейтін түрлерін дайындап ұсынды, тағамның құрамы, дайындалу технологиясы туралы арнайы бейнероликтер түсірді.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бұл челленджді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жолдады.
 

 
ҚазҰАЗ
У Тәрбие бөлімі,

Фото: Мамыржан БОТАБЕКОВ
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты