Новость #565 Статистика

CAWa жазғы мектебі ашылды

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде IV-Жазғы мектептің ашылуына байланысты «Орта Азияның су және жер ресурстарына мониторинг пен бағалау жүргізудің құралдары мен әдістері» тақырыбында Халықаралық семинар өтті.

фото
фото
фото
Жиынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов арнайы баяндама жасап ашты. Семинарға Қазақстан-Неміс университетінің Президенттері, профессор, доктор Маркус Кайзер және профессор Какер, Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Йорн Розенберг, Сыртқы істер Министрлігі Алматы қалалық өкілдігі басшысының орынбасары Дудар Жакенов және басқа да қонақтар қатысты.    
Халықаралық жазғы магистрлік мектеп – қазақстандық білім мен ғылымды Еуропа кеңістігінде интеграциялауға мүмкіндік беретін, Болон процесінің басты принципі – академиялық мобильділікті жүзеге асыруды мақсат еткен іргелі жоба. Осыған орай, 5-17 маусым аралығында өтетін жиынның алғашқы күнінде жазғы мектеп шеңберінде аграрлық білім, ғылым, инновация бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, неміс тәжірибесіне негізделген жаңа технологиялар мен ұсыныстарды таныстыру, Қазақстан мен Германия арасындағы су ресурстары бойынша ынтымақтастықты, кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелер қаралды.

фото
фото
фото
Екі аптаға жоспарланған семинар аясында жазғы мектеп аясында шетелдік ғалымдар дәріс оқып, мастер-класс, тренингтер және салалық ғылыми-зерттеу институттары мен өндіріс орындарының өкілдері өндіріс жағдайында тәжірибелік сабақтар өткізеді. Халықаралық жазғы магистрлік мектеп – магистранттарға кәсіби құзыреттілігін жоғарылатуға, тәжірибелік дағды алуға, сондай-ақ шетелдік ғалымдармен байланыс орнатуға берілген зор мүмкіндік.
Жиын барысында қонақтар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасындағы Инновациялық Су орталығын аралады. 


ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты