Бүгін менің туған күнім, Ой пәлі-ай! - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #830 Статистика

Бүгін менің туған күнім, Ой пәлі-ай!

9 ақпан – бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы –Мұқағали Мақатаевтың туған күні. 
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –
 
деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды.

photo
photo
photo

Осыған байланысты Агробиология факультеті деканның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Аубакиров Нұрымжан Пәржанұлының және 1-2 курс студенттері мен куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен  қазақ поэзия әлеміне ерекше леп, ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім, Ой пәлі-ай!»  тақырыбында  әдеби кеш өтті. Бұл кеште Мұқағали ағамыздың әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Кеште өнер көрсеткен  барлық студенттерге Университеттің кәсіподақ төрағасы ұсынған бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Іс-шараның мақсаты, Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу.
Ақынның өзі жырлағандай ақындық сыры да, өзі жырлаған  таулардың асқарындай асқақ жыры да  халқымыздың есінде мәңгілікке қалады.
 
photo
photo
photo
photo
 Гулайша Әбубакірқызы,
«Жеміс, көкөніс және жаңғақ шаруашылығы»
кафедрасының оқытушысы,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты