«Brain-ring» интеллектуалдар сайысы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1476 Статистика

«Brain-ring» интеллектуалдар сайысы

Қазақ ұлттық аграрлық униерситеті тағы бір тың жобаны қолға алды. Ол «Brain-ring» деп аталады. Бұл сөздің мағынасы –  миды қозғалту, яғни ақыл-ойды дамыту.
 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Назарбаев ғылыми білім басқармасының» басшысы Ақтоты Тілектесқызының бастамасымен ұйымдастырылған бұл жобаға оқу орнының барлық факультетінен сегіз команда қатысты. Университетішілік байқау ретінде қолға алынған бастама алдағы уақытта барлық  жоғары оқу орындарының арасында өткізілетін болады. Осы жылдың қыркүйек айында республикамыздағы ЖОО арасына жарияланатаын  «Brain-ring» байқауына  Қазақстандағы барлық оқу орындары шақырылмақ.
 

Жоба студент жастардың талғамын өсіріп, талабын ұштау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ондағы қойылатын сұрақтардың жан-жақтылығы жастардың өсуі үшін, білім көкжиегін кеңейту үшін сәтті таңдалған. Жан-жауар, аң-құс, табиғат, мезгіл, өсімдік, тарихи тұлғалар, тылсым, планета, астрономия, т.б. адамзат баласы үшін қажеттіліктің бәрі қамтылған. Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде  өтетін бұл байқауға университет студенттері аса қызығуышылықпен атсалысуда. Факультеттер арасындағы қорытындыны алдағы уақытта жариялаймыз.
 

 
 
Еділ АНЫҚБАЙ
«Agro-PR» инновациялық
орталығының жетекшісі
Фото: М.БОТБАБЕКОВ
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты