Болашақ физика мамандары білім жарыстырды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #493 Статистика

Болашақ физика мамандары білім жарыстырды

Қазіргі заманда дамудың бірден бір жолы ол – ғылым саласы, себебі дамыған елдер ғана бәсекеге қабілетті ел болып саналады. Жыл сайын 12 сәуір  Қазақстанда Ғылым  күні болып саналады.  Жас әрі кәсіби мереке   2011 жылдан ел Президентінің Жарлығымен құрылды және алғаш рет 2012 жылы атап өтілді.
«Математика және физика» кафедрасы ғылым күніне және ғарышкерлер күніне орай  «Табиғаттың тылсым сырын ұғындырған - Физика» атты 1 курс студенттерінің арасында  факультетаралық  интеллектуалды сайыс өткізеді. Техникалық мамандықта оқитын студенттер үшін физика: жоғары математика курсымен тығыз байланыста және жоғары оқу орнында ғылымға деген қызығушылықты оятады. Физика әдістемесі мен заңдылықтары қазіргі ғылым саласында кең ауқымда қолданылады.

photo
photo
Жоғарыда аталып өткендей биылғы өткен сайыста алдымызда келе жатқан Астаданада  өтетін «ЭКСПО 2017» көрмесіне көңіл бөлінді. Көрме әлемді алаңдатып отырған маңызды тақырыптардың бірі альтернативті энергия көздерін қамтиды. «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізу Қазақстанның әлемдік деңгейдегі орнын айқын көрестеді.
Биыл сайысқа төрт факультеттен төрт топ қатысты. «Инженерлік» факультеттен « Energy» командасы; «Гидротехника, мелиорация және бизнес»  факультетінен «Эврика» тобы; «Ветеринария» факультетінен  «EXPO VET» тобы;  «Технология және биоресурстар» факультетінен  «Kaz food technology» командасы қатысты.

photo
photo
Сайыс 5 кезеңнен ұйымдастырылды: топты таныстыру (топтың аты, эмблема, ұран), капитандар сайысы, физикадан күрделі есептер шығару, тәжірибе жасау сондай-ақ үй тапсырмасы, студенттің өз  болашақ мамандығын физикамен байланыстыру. Сайыстың әрбір кезеңінде «физика» пәнінен алған білімдерін пайдаланып, физика заңдылықтарын, құбылыстарын және қазіргі ғылымға байланысты білімдерін түсіндіруге мүмкіндік берілді. Сайыстың қорытындысы студенттердің теориялық білім деңгейін, оны тәжірибеде қолдануын және дербес есеп шығара алатындығын көрсетті. Сайыс студенттердің өтілген тақырып бойынша алған білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеттілігін арттыруға және топта жұмыс істеуге үйретеді. 
Сайыста гран-при инженерлік факультеттің «ENERGY» тобына бұйырды, 1- орынды ветеринарлық факультеттен келген «EXPO BET» тобы алды, 2-орын технология және биоресурстар  факультетінен келген «KAZ FOOD TECHNOLOGY» тобы иеленді, 3-орын гидротехника, мелиорация және бизнес факультетінен келген «Эврика» тобына бұйырды. Сондай-ақ сайыстың өтуіне  кафедра оқытушылары А.Жукина, Ш.Сакипова,  С.Изенбаева,  А.Нұрқамыт  және топ стаорсталары мен белсенділері атсалысты.
Сайыстың мақсаты: практикалық мәселелерді шешуді үйрену, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту, студенттердің ой-өрісін кеңейту, ғылым мен техникаға  қызығушылығын арттыру.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты