Баспасөз хабарламасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #288 Статистика

Баспасөз хабарламасы

photo photo photo

2016 жылы 12 қазан күні сағат 15.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Ветеринариялық білім бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның жаһандық конференциясы ұсыныстарын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру туралы кеңесі» тақырыбында бірінші аймақтық кеңесі өтеді.
Кеңестің ұйымдастырушылары: ENVT, ҚазҰАУ, Лион ветеринариялық ұлттық мектебі (VetAgroSup), ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Халықаралық эпизоотиялық бюроның Астанадағы өкілдігі. Кеңес жұмысына ветеринарияға бағытталған жоғары оқу орындарының ресми өкілдері және Франция атынан Халықаралық эпизоотиялық бюроның делегаттары, ТМД-ның 11 мемлекетінен (Армения, Әзірбайжан, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан) өкілдер қатысады. Ғылыми басқосу – Twinning-әріптестерінің бастамасы бойынша  - Тулузаның  Ұлттық ветеринариялық мектебі (ENVT)  және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ұсынысы бойынша өткізілмек.
Қаралатын сұрақтар:
- ТМД елдерінде және Орталық Азия аумағында ветеринариялық білім беру туралы ағымды жағдайды талдау, сонымен қатар ветеринариялық оқу орындарын бітірушілерінің құзыреттілігіне  қойылатын Халықаралық эпизоотиялық бюросының ұсыныстарын  қарастыру және ветеринариялық білім ветеринариялық беру бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының негізгі концептуалды бағдарламасын ұсыну;
- жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі ветеринариялық білім беру бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының Twinning-жобалары тәжірибесіне шолу жүргізу;
- Бангкокте бекітілген жаһандық ветеринариялық білім беруді жақсарту бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның конференциясы  ұсыныстарымен таныстыру; 
- әлемдік кеңістікте үйлесімделінген ветеринариялық білім берудің инновациялық тәсілдерін және оларды мүмкіндіктерді орталық азия аумағы мен ТМД елдерінде енгізу мүмкіндіктерін талқылау.  
Бүгінде жануарлар мен адамдардың аса қауіпті ауруларының тиімді алдын алуды және эпидемиялық ошақтарын бақылауды қамтамасыз ету, сонымен қатар мал тектес өнімдер мен шикізаттарды, теңіз өнімдерін өткізуді және тағам қауіпсіздігі саясатын қалыптастыру үшін жаһандану жағдайларында ветеринария қызметінің әлемдік кеңістіктегі маңызы өте жоғарғы деңгейге ие болып отыр. Халықаралық эпизоотиялық бюросы, қызметі жалпы әлемдік қоғамдық игілікті іс болып табылатын ұлттық ветеринариялық қызметтің тұрақты дамуының негізгі құрама бөлігі ретінде сапалы ветеринариялық білім беру деп санайды.Бюроға қатысушы-мемлекеттердегі жоғарғы және жоғарыдан кейінгі ветеринариялық білім берудің үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бағдарламалық құжаттарды ХЭБ әзірлеп құрастырды. Қазіргі кезде Халықаралық эпизоотиялық бюро Еуропаның, Азияның және Американың 18 университеттерінде тоғыз Twinning жобаларын қолдап отыр. Кеңес жұмысы 13 қазанда қорытындыланады.
 
Аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
 
 
Мекен-жайы: 0500010,
Алматы қ-сы,  Абай даң-лы  8
тел: +7(727)2621785, +7 701 424 95 58
   e-mail:info@kaznau.kz
  веб-сайт:www. kaznau.kz
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты