Баспасөз хабарламасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #286 Статистика

Баспасөз хабарламасы

photo photo photo

«Ветеринариялық білім бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның жаһандық конференциясы ұсыныстарын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру туралы кеңесі» бірінші аумақтық кеңесінің
 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 
2016 ж. 12-13 қазан, 
Алматы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті
 
Жануарлар мен адамдардың аса қауіпті ауруларының тиімді алдын алуды және эпидемиялық ошақтарын бақылауды қамтамасыз ету, сонымен қатар мал тектес өнімдер мен шикізаттарды, теңіз өнімдерін өткізуді және тағам қауіпсіздігі саясатын қалыптастыру үшін жаһандану жағдайларында ветеринария қызметінің әлемдік кеңістіктегі маңызы өте жоғарғы деңгейге ие болып отыр.
Халықаралық эпизоотиялық бюросы, қызметі жалпы әлемдік қоғамдық игілікті іс болып табылатын ұлттық ветеринариялық қызметтің тұрақты дамуының негізгі құрама бөлігі ретінде сапалы ветеринариялық білім беру деп санайды.
Бюроға қатынасушы-мемлекеттердегі жоғарғы және жоғарыдан кейінгі ветеринариялық білім берудің үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бағдарламалық құжаттарды ХЭБ әзірлеп құрастырды. Қазіргі кезде Халықаралық эпизоотиялық бюро Еуропаның, Азияның және Американың 18 университеттерінде тоғыз Twinning жобаларын қолдап отыр.
Twinning-әріптестерінің бастамасы бойынша  - Тулузаның  Ұлттық ветеринариялық мектебі (ENVT)  және Қазақ Ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) -  2016 жылы 12-13 қазанда ҚазҰАУ-де  «Ветеринариялық білім бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның жаһандық конференциясы ұсыныстарын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру туралы кеңесі» тақырыбында бірінші аумақтық кеңесі өтеді
Кеңестің ұйымдастырушылары: ENVT, ҚазҰАУ, Лион ветеринариялық ұлттық мектебі  (VetAgroSup), ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Халықаралық эпизоотиялық бюроның Астанадағы өкілдігі.
Кеңестің жұмысына жоғарғы ветеринариялық оқу орындарының ресми өкілдері және Франция атынан Халықаралық эпизоотиялық бюроның делегаттары, ТМД-ның 11 мемлекеттерінен (Армения, Әзербайджан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Өзбекістан) өкілдері қатынасады.
Қаралатын сұрақтар:
- ТМД елдерінде және Орталық Азия аумағында ветеринариялық білім беру туралы ағымды жағдайды талдау, сонымен қатар ветеринариялық оқу орындарын бітірушілерінің құзыреттілігіне  қойылатын Халықаралық эпизоотиялық бюросының ұсыныстарын  қарастыру және ветеринариялық білім ветеринариялық беру бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның Негізі курикулумын ұсыну;
- жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі ветеринариялық білім беру бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының Twinning-жобалары тәжірибесіне шолу жүргізу;
- Бангкокте бекітілген жаһандық ветеринариялық білім беруді жақсарту бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның конференциясы  ұсыныстарымен таныстыру; 
- әлемдік кеңістікте үйлесімделінген ветеринариялық білім берудің инновациялық тәсілдерін және оларды мүмкіндіктерді орталық азия аумағы мен ТМД елдерінде енгізу мүмкіндіктерін талқылау.  
Байланыс телефондары: профессор Усенбеков Есенгали Серикович  (эл. мекен-жай: usen03@mail.ru, тел.: +77059160272); доцент Есперова Баян Жумабаевна (yesperova@gmail.com, тел.: +77052585492)
Баспасөз ақпараттары және басқа да қызығушылық танытқан тұлғаларды кеңеске қатынасуға шақырамыз.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
 
Мекен-жайы: 0500010,  Алматы қ-сы,  Абай даң-лы  8
тел: +7 (727) 2621785, +7 701 424 95 58
e-mail:info@kaznau.kz
веб-сайт: www.kaznau.kz
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты