Баспасөз хабарламасы - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #243 Статистика

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
 
БАҚ басшыларына
 
ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы
 
2016 жылдың 21-23 маусым күндері Қазақ ұлттық аграрлық университеті қабырғасында ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің отырысы өтеді.
Кеңес жұмысына ТМД-нің 10 елінен келген 30-дан аса жоғары оқу орындарының ректорлары, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ өкілдері, Қазақстанның жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, эксперименттік-тәжірибелік шаруа қожалықтарының, білім беру орталықтарының басшылары, ауыл кәсіпкерлері қатысады.
Кеңестің қорытынды отырысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіхалықова қатысады.
Отырыстың негізгі мақсаты:ТМД елдеріндегі аграрлық жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығын дамыту, ғылым, білім беру саласындағы жеткен жетістіктермен алмасу және аграрлық ғылым мен білім беру сапасын жақсарту үшін маңызды және тиімді басқару шешімдерін қабылдау болып табылады.
Отырыста талқыланатын мәселелер: Болон декларациясын жүзеге асыру, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, жетекші аграрлық жоғары оқу орындарында шетелдік жастарды тарту, жоғары оқу орындарының білім беруін кеңейту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ауылдық кәсіпкерлерге қажетті ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары оқу орындарымен бірлескен қызметті ұйымдастыру; жаңа ауылшаруашылық мамандықтарды енгізу мен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. ТМД елдеріндегі аграрлық жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың біліктілігін арттырудағы қашықтан оқыту жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, оқыту тәсілдері мен технологияларды дамыту, бірлесе отырып ғылыми-білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, заманауи, тиімді және бәсекеге қабілетті өндіріс жүйесін құру және ТМД агроөнеркәсіптік кешеніне жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту.
Аграрлық университеттердің ғалымдары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау, ҚР агроөнеркәсіптік кешеніндегі ғылым, білім және өндіріс интеграциясы механизмдерін және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту сияқты салаларда өз тәжірибелерімен бөліседі.
Жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу барысында университеттің ғылым-білім инфрақұрылымдары: Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Инновациялық су орталығы, Қазақстан-Корей инновациялық орталығы, Инновациялық жылыжай, ҚР Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында кадрлар даярлау жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханалары, «Аграрлық ғылым, білім және өндіріс интеграциясы» көрмесінің жұмыстары таныстырылады. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Адал» АҚ агроөнеркәсіптік компаниясы, «Нұр-Агро» ЖШС, «Астана-Футс» ЖШС, «Алтын Есік» ЖШС, «Орман питомнигі» республикалық мемлекеттік дендрологиялық кәсіпорны сияқты университеттің оқу-ғылыми-өндірістік орталығына сапар ұйымдастырылады.
Конференция барысында ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды дамыту мен алмастыру үшін нысаналы ізденіспен айналысатын университет жанынан құрылған Агротехникалық хабты ұйымдастыруды басқару құрылымы таныстырылады. Сонымен қатар, Тұрақты егін шаруашылығы орталығының ашылуы жоспарланып отыр. 
 
Аталған конференция жұмысына ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!
 
ҚазҰАУ-дың Қоғаммен байланыс басқармасы 
 
Мекен-жайымыз: 0500010, Алматы қ, Абай даңғылы, 8
тел: +7(727)2621785, +7(727)2628982
e-mail:info@kaznau.kz
веб-сайт:www. kaznau.kz
 
 
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты