Новость #750 Статистика

«Бәрін білгім келеді» интеллектуальды ойыны

2017 жылдың 5-ші желтоқсанында  «Технология және биоресурстар» факультетінде «Мал шикізаты тауартануы және сараптамасы» пәнінен «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының 3 курс студенттерінің арасында «Бәрін білгім келеді» атты интелектуальды ойын өтті. Сайысқа 301, 302, 303 топ студенттерінен «Барыс», «Арлан», «Көк бөрі» командалары қатысты. Конкурстың мақсаты - студенттерден  викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік топты анықтау, білімді және жан-жақты болуға баулу, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.  Көзделген мақсаттарға жету үшін түрлі тәсілдер мен амалдар қолданылды.
Конкурс төрт кезеңнен тұрады: «Кел біліміңді сынайық» , «Сиқырлы өлшегіш», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ойыны.

photo
photo
photo
Бірінші кезеңде қатысушылар 9 сұрақтан тұратын тестке жауап беріп, әр дұрыс жауап үшін 10 балл алды. Екінші кезеңде командаларға әр түрлі терілер беріліп,  әр топ белгілі бір уақыт аралығында жануардың тері ауданын, қай сорт тобына жататынын және де ақау тобын анықтау керек болды. Үшінші кезеңде ұпай санына сәйкес күрделі сұрақтарға жауап берді. Төртінші кезеңде 5 минутта топпен кроссворд шешті.
Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша «Барыс» командасы бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар топ мүшесі Иса Нұргүл үздік қатысушы атанып мақтау қағазына ие болды.
Атап өтетін жайт, көрермендер қатысушыларға белсенді жанкүйер бола білді.
Жалпы алғанда, интеллектуальды ойын студенттердің өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білуін, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. студенттердің шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.
 
Аға оқытушы, а.ш.ғ.к. Г.Ғабитқызы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты