Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1260 Статистика

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды

      Қазақ ұлттық аграрлық университетінің акт залында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті.
Семинарға дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат Бақытжан Базарбек пен аталған Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Таумұрат Данияр Таумұратұлы, сонымен қатар Алматы қаласының 8 ауданынан әкім аппаратының басшылары, жер қатынастары бойынша жұмыс атқаратын басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және университетіміздің басшылық, ғалым-оқытушылар құрамы қатысты.
 
photo   photo

Жтынды университеттің Ғылыми жұмыстар және интеграция жөніндегі проректоры Есенбай Исламов жүргізді.
Есенбай Исраилұлы:
«Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастары саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі екендігін айтты. Мемлекет басшысы халық пен бизнес бұл салада ашық және толық ақпаратқа қол жеткізе алмай отырғандығы туралы да атап өтті» деді өз сөзінде.
Одан кейін сөз Агенттіктің белді қызметкері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат Бақытжан Жұмабекұлына берілді. Ол осы игі шараның негізгі мақсатына Жерлерін рәсімдей алмай, айырылып жатқан, жерлері мемлекеттік қажеттілік үшін алынып немесе құжаттары рәсімдеудің бір тоқырауына түскен, жері алаяқтың қолында кеткен азаматтарға ақысыз кеңес беріп, шешу жолдарын көрсету екендігіне тоқталды.
 
photo   photo

Бақытжан Жұмабекұлы:
«жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу, игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты немесе мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтарып алу, өз бетімен құрылыс, жер учаскелерін қате орналастыру, шекараларын белгілеу, су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл жолақ, санитарлық-қорғау аймақтары, жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтарды қызу талқыға салып, кәсіби кеңестерін береміз» деді.
Өз кезегінде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Таумұрат Данияр Таумұратұлы Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және барынша азайту бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде атқарылған шаралар туралы баяндады.
 
photo   photo

Семинарға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, тұщымды жауап алды. Аталған семинар кеңесінің нәтижесінде ондаған адам өз мәселесін шешетіндігіне сенім білдірді.

 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты