Әріптестік аясы кеңеюде - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1556 Статистика

Әріптестік аясы кеңеюде

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне іс-сапармен Оңтүстік Қореядан ғалымдар делегациясы келді. Делегация құрамында «VitrosysInc» компаниясының негізін қалаушы, профессор Санг Хо Сон, Қазақстандағы компаниялар өкілдігінің басшысы Шим Сюнг Суб, зерттеушілер Ким Ч және Кван В болды.


Корялық қонақтардың арнайы іс-сапарының негізгі мақсаты – ҚазҰАУ-дың материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысу, ынтымақтастық бағыттарын іздеу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру жолдары мен өзара ынтымақтастықты талқылау. 


Делегация мүшелері Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполовтың қабылдауында болды. ҚазҰАУ мен Корей ЖОО-лары және компаниялары  арасындағы әріптестік қатынастар барысы тиімді бағытпен дамып келе жатқандығын атап өткен ректор, қонақтарды университеттің тарихымен, даму бағыттарымен таныстырып, оқу орнының ғылыми, халықаралық қызметтерінің негізгі бағыттарына тоқталды. 


Өз кезегінде «VitrosysInc» компаниясының негізін қалаушы, профессором Санг Хо Сон қазақстандық әріптестерінің назарын компанияның таныстырылымын ұсынды. Компанияның қызметінің негізгі бағыты ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жоғары технологиялары болып табылады.


Кездесу барысында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.    
Кездесуден кейін шетелдік қонақтар университет базасындағы Агротехнологиялық Хаб, Қазақ-Жапон инновациялық орталығы, су орталығы және тағы да басқа ғылыми орталықтарды, зертханаларды аралады.
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: М.Ботабеков
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты