Новость #228 Статистика

Ардагерлерге құрмет

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқу орны басшылығы мен университет Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс мерекесі мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Оқу ордасының бас ғимараты алдында Әскери кафедра жауынгерлері, оқытушылары мен студенттері сап түзеп, ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті.
Сұрапыл соғыс жылдарында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлектері мен қызметкерлері де қан майданның алдыңғы шебінде жүрді. Олардың көбі оқу аудиторияларында жүрген жерлерінен соғысқа аттанды.  Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан қандастарымыздың даңқты есімдері университет алдында арнайы қойылған Ескертіш тақта мемориалында жазылған.
ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполовқа әскери кафедраның бастығы, полковник Бастеми Дюсембаев әскери жеке құрамның  салтанатты іс-шараға әзірлігі туралы баяндағаннан кейін, кафедрамыздың сап түзеген курсанттары әскери шерумен патриоттық әндерді орындады.
Салтанатты жиынды университет ректоры, академик Тілектес Есполов құттықтау сөзбен ашып, Ұлы отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері мен оқу орны тарихында өзіндік із қалдырған майдангер-ғалымдардың өнегесі жайында жиналған жұртшылық алдында терең мағыналы сөз айтты.

photo
photo
photo
photo
 
Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры, академик:

– Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы ғылымы мен білімінің өркендеуіне үлес қосып келе жатқан, арамызда көзі тірі 2майдангер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген 69 тыл еңбеккерлері мен 8 Ауған соғысының ардагерлері бар. Алдыңғы буынның өнегесі мен ерлігінен қуат алған біздің әскери кафедрада тәрбиеленіп жатқан жас жауынгерлеріміз де Отанға деген патриоттық сүйіспеншіліктерін жоғары қоятынына сенімім мол.
Бүгінгі күні біз Университетімізде тәрбие жұмыстары мен әскери-патриоттық рухты қалыптастыру бағытында Президентіміз атаған жеті жалпықазақстандық басты құндылықтарды негізге аламыз. Бұл мақсатта «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беретін орталығы құрылып, онда қосымша 7 жаңа тәрбие орталықтары жұмыс істейді.
Қазақ Елін күшейте түсетін, оның әлемге танымдылығын арттыра түсетін бүгінгі студенттер – болашақ ауыл шаруашылығы мамандары болып қана қоймай, олар нағыз Тәуелсіз елдің берік қорғаны болуға тиіс. Сондықтан студент жастар үшін, жалпы қоғам үшін ең басты құндылық – Егемен елімізді сақтап, дамыту екені  даусыз.
Биылғы мереке Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлы дала Елінің егемендігі мәңгі болсын. Ұлы жеңіс бізге оңай келген жоқ. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа – ұран» екенін біз ешқашан есімізден шығармаймыз.
Салтанатты жиыннан соң қадірлі ардагерлерге арнайы мерекелік дастархан дайындалып, студенттер концерттік баңғдарлама ұсынып, университеттің Кәсіподақ комитеті атынан сый-сияпаттар табыс етілді.
photo
photo

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген Мамыржан Ботабеков
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты