Ардагерлерге арналған күздік балл - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1080 Статистика

Ардагерлерге арналған күздік балл

11 қазан күні Алматы қаласының офицерлер үйінде Ұлы Отан соғысы мен тылдағы еңбек майданының ардагерлері және Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесі мүшелері  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің студенттерімен кездесу өтті. Бұл шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес: жастарды рухани тәрбиелеу, қазақ халқының ұлттық тарихын, мәдени мұрасын сақтау және насихаттауға бағытталды. Кездесу кеші қызықты және шынайы болып, ерекше көңілді өтіп студент жастар ардагер аталарының әңгімесін қызыға тыңдады. Білімді жас ұрпақ ардагер аталарының еліміз үшін ең басты құндылығы бейбітшілік пен тәуелсіздік жолында қаншама қан мен тер төккенін саналарына ұғынды. Отан соғысы ардагерлері күн сайын Ұлы Жеңісті жақындатып майдан даласында соғысса, тыл және еңбек ардагерлері соғысқа қажетті қару-жарақ және азық-түлік дайындау жолында аянбай еңбек етті. Соғыстың аяқталғанына 73 жыл өтсе де ардагер аталарымыз сол алапат соғыстың куәсі әрі батыры  ретінде, біздің ортамызда жас ұрпаққа саналы тәрбие мен патриотизмді дамытуға атсалысып келеді. Мұндай кездесулер құрметке лайық. Ардагер аталарының әңгімелерін тыңдаған кезде сол күндердің суреттері студент жастардың көз алдында жарқырап өтті. Олар біздің еліміздің жеңісіне үлкен күш жұмсап сұрапыл соғыс кешті. Бұл кездесу соғыс пен бейбітшіліктің арасын ашып беріп, еліміздің бостандығын нақтылады. Кездесуде жастар отансүйгіштік пен қайырымдылық ұғымдарын түсінді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың санасын оятып, олардың бойында отансүйгіштік пен ұлтжандылық рухын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.
 

Өкінішке орай, бүгінгі таңда сол сұрапыл соғыс дәуірін бастан кешкен ардагер аталарымыздың саны саусақпен санарлық болып қалды. Сондықтан арамызда тірі жүрген соғыс және еңбер ардагерлерін құрметтеп, оларға ілтипат білдіріп жиі-жиі осындай кездесулер ұйымдастырып, осы тұлғаларға жас ұрпаққа бейбітшілік өмір сыйлағаны үшін алғыс айту керек. Бірақ жас ұрпақ ардагер аталарына қаншалықты ризашылығын білдірсе де, ол тұлғалар алдындағы құрмет ақталар емес. Ардагер аталарын студенттер өздерінің дайындап келген концерттік бағдарламаларымен  көңілдерін бір көтеріп тастады. Сахнада сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, балалар хоры мен би топтарының, жас орындаушы– вокалистер өнер көрсетті. Бұл күзгі мереке ардагерлерге деген сүйіспеншілік пен құрметпен өтті. Олар бүкіл ел халқының игілігі үшін әскери және еңбек ерліктері үшін алғыс пен құрметке лайықты. Аталған шараға «Орман, жер ресурстары мен фитосанитария» факультет деканы Абаева К., декан орынбасарлары: Шабалина М., Омарова Ш, факультетінің 1-2 курс студенттерінің тәлімгер-кураторлары: Керимбаев С., Жұбанышова А., Кауменова Н., Даутова З., топ кураторлары: Тоқтасынова Ф., Борисова Ю. қатысты. Кездесуді профессор М.И. Уюкбаева ұйымдастырды.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты