«Алтынемел» – ұлттық байлығымыз - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #677 Статистика

«Алтынемел» – ұлттық байлығымыз

«Алтынемел» ұлттық саябағы жоғалып бара жатқан көптеген өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ескерткіші ретіндегі ең керемет ұлттық саябақтардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, аталмыш саябақ тек қана Қазақстанның ғана ең үлкен және атақты қорығы ғана емес, қазақ мәдениетіндегі бағалы және маңызды мұрасы болып саналатын әлемдік ЮНЕСКО тізіміндегі қорықтар қатарына жатады.

photo
photo

Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы қорының ұйымдастыруымен және О.В.Беляловтың режиссерлік етуімен жарыққа шыққан «Алтын-Эмель» деректі фильмін Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Агробиология», «Технология және биоресурстар», «Ветеринария», «Орман, жер ресурстары және фитосанитария», «Гидротехника, мелиорация және бизнес» және «Инженерлік» факультеттері студенттері эдвайзер-кураторлармен бірге тамашалап қайтты.

photo
photo
photo
«Алтын-Эмель» фильмінде барлық жыл мезгілдерінің көріністері, оның тарихы, этнографиясы табиғаты мен жануарлары жер бедерінің әртүрліліктері мен өсімдік жамылғысы әдемі  көрсетілген. Студенттер аталмыш фильм арқылы Қазақстанның ең маңызды қазынасы- «Алтынемел» ұлттық саябағы жайлы көптеген мәліметтер жинап, ондағы байлықтарымызды аялап, сақтау арқылы келешек ұрпақтарға қалдыратынымызды  ұғынып қайтты.
 
Қарлыға Қараева,
«Агробиология» факультетінің эдвайзер-кураторы
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты