«Алтын күз» мерекесін атап өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #703 Статистика

«Алтын күз» мерекесін атап өтті

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» тақырыбы аясында оқу орнының № 10 оқу ғимаратының акт залында  «Алтын күз» жұптар байқауы өткізілді. Мерекелік іс-шарада «Ветеринария» факультетінің студенттері белсене қатысып, өз өнерін паш етті.
Бұл байқауды өткізудің мақсаты студенттерді Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға, бағыттау және «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару болды. Байқауға «Ветеринариялық санитария»  мамандығының 111,   112 , 113 топтары қатысты.
Байқау шарттары бойынша өнерлі жұптар «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Пародия», «Сән үлгісі», «Мерекелік дастархан мәзірі»  номинациялар бойынша сынға түсті.
Әділ – қазылар алқасы құрамында Алиханов Қ. Д «Ветсансараптау және гигиена» кафедрасының  меңгерушісі, Мусоев Асылбек тәрбие ісі жөніндегі ветеринария факультетінің деканы орынбасары м.а., Біржан Жанқылышұлы университет әкімшілігінің өкілі, Сыманов Ә студенттік кәсіподақ  ұйымының төрағасы, Мейрамгүл Олжабайқызы, Айгул Абдраманқызы, Барахов Бақыт кафедра оқытушылары болды.

photo
photo
Әр турда 3 жұп  өкілдері ортада өз өнерлерін таныта білді. Алғашқы «Таныстыру»  сайысы қортындысы бойынша Индия стильінде таныстырумен ерекшеленген 1-ші жұп Арман мен Сабина жақсы өнер көрсетті. «Өнерің өрге жүзсін» сайысында 2 жұп Айбек пен Әсель  флешмоб биін өз топтарымен қосылып биледі.
3 турда әншілерге «Пародия» жасауда 3 жұп Нұржан мен Мадина Кайрат Нұртас пен Ресей әншісі Нюшаны айнытпай жоғары балға ие болды.
«Сән үлгісі»  турында үш жұпта жақсы өнер көрсетті, олар  үй  тұрмасында қолданатын заттардан – 1-ші жұп Арман мен Сабина пакеттерден, 2 жұп Айбек пен Әсель жапырақтарданн, 3 жұп Нұржан мен Мадина шыны әйнектерден көйлек тіккен.
Мерекелік дастархан мәзірі  бөлімінде мерекелік күзгі салаттар жасалып, 3 жұпта жоғарғы көрсеткішке ие болды.
Жалпы сайыс қортындысы бойынша 112 топ Айбек, Асель жалпы алғанда 1220 ұпай жинап 1 орын алды, 2 орын  111 топ  1170 ұпай  Арман  мен Сабинаға бұйырды, 3 орынға 113 топ Нұржан,  Мадина 1150 ұпаймен орналасты. «Күзгі бал - 2017» байқауының жеңімпаздарын әділ қазылар алқасы марапаттады «Күз ханзадасы»: Омаров Айбек «Күз ханшайымы»: Жолдасбаева Асель. Оған былтырғы «Күз ханшайымы» Қожағали Айзада өз тәжін кигізді. «Күзгі бал - 2017» байқауы жоғары денгейде өтті, барлық қатысушылар  жақсы әсерде қалды.
 
Сахариянов А.Ж., Абжалиева А.Б, Таипова А.А, Оразалиев  Д. М.,  Аллабергенова  А. Д.,
1 курс студенттерінің аға тәлімгері Турабеков М. Р.
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты