Алматы қаласында бірінші Орта-Азиялық Агротехникалық Саммит өтті - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #341 Статистика

Алматы қаласында бірінші Орта-Азиялық Агротехникалық Саммит өтті

Саммитте «Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталығы» акционерлік емес қоғамы директорлар Кеңесінің төрағасы Ғани Қалиев, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, Мичиган штаты Еуропа, Ресей, Еуразиялық бағдарламалар орталығының директоры Норман Грэхэм және Еуразия технологиялық университетінің ректоры Нұржамал Дүйсенғұлова кіріспе сөз сөйледі.
 «Еуроазиялық экономикалық одақтың құрамына кіретін  елдердің негізгі міндеттерінің бірі  инновацияларға негізделген экономиканы жаңғырту болып табылады.  Ол үшін  ауыл шаруашылығына инвестицияны тарту,  жаңа технологияларды трансферттеу керек. Осы ретте, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында құрылған агротехнологиялық Хаб «білім-ғылым - өндіріс" интеграциясын жүзеге асыратын құрылымға айналып отыр. Агротехникалық хаб оқу орнының негізгі ядросы болып табылады. Ол мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің құралдарын пайдалана отырып, аз уақыттың ішінде инновациялық идеяларды, технологиялар мен жаңа білімді агробизнеске ензізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде республикамыздағы аграрлық сектордың  бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады»,
- деді ҚР ҰҒА академигі Ғани Қалиев.
ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов өзінің кіріспе сөзінде
«Central Asian AgTech Summit» Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Агробизнес-2021» жаңа бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келетін білім, ғылым, өндіріс интеграциясын дамыту үшін таптырмас пікір-талас алаңы екенін және бұл саммиттің негізгі мақсаты Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуына ықпал ету болып табылатынын атап өтті.
Мичиган штатының Еуропа, Ресей, Еуразиялық бағдарламалар орталығының директоры Норман Грэхэм АҚШ-тағы зерттеу университеттерінің құрылуы туралы ой-тәжірибелерімен бөлісіп, ҚазҰАУ-дың зерттеу университетіне трансформациялануы бойынша халықаралық сарапшысы ретінде оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына да тоқталды.


«Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік қолдау» панельді сессиясында «КазАгро» Ұлттық холдингі, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Халық банкі Алматы бөлімінен, ҚазҰАУ-дан келген өкілдер аграрлық сектордағы кәсіпкерлерді  қаржылық қолдаудың  құралдары мен мүмкіндіктері,  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қажеттіліктері туралы айтып берді. Мал шаруашылығы,  өсімдік шаруашылығы, қайта өңдеу бойынша және фермелік қожалықтарда қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа технологиялар туралы «Фермерлер қызметіндегі технологиялар» панельдік сессиясында талқыланды. Қазақстан мен Ресейдің жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, Қазақстан Ет Одағы,  Қазақстан Республикасы агрохимиялық және агроөнеркәсіптік кешен компанияларының өкілдерінен құралған спикерлер фермерлер, кәсіпкерлер, қайта өңдеу компанияларының басшылары,  азық-түлік өндірушілер мен сервистік компаниялардың қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.Агроөнеркәсіп кешен мен технологиялық инновацияны дамыту үшін ғылыми тәсілді пайдалану  мәселесі АҚШ, Болгария, Италия, Эстония, Сербия, Нидерланды, Швейцария, Малайзия және қазақстандық ЖОО ғалымдары талқылауының нысанасы болды. Үздіксіз білім беру мәселесі бойынша өз шешімдерін «Білім және агроөнеркәсіптік кешен" сессиясының спикерлері ұсынды. Талқылауға Қазақстанның және шет елдердің ауыл шаруашылығы, технологиялық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Еуразия технологиялық университеті агроөнеркәсіп кешені үшін маман дайындаудың  бағдарламасын ұсынды.

"Агротехнологиялық саммиті, біз, жаңа білім тарату, осы сала бойынша күрделі мәселелерді шешу, тәжірибе алмасу құралдарының бірі деп есептейміз. Мұндай шаралар қазақстандық ауыл шаруашылығы нарығының әлеуетін дамытуға, көкейкесті  тақырыптарды талқылауға және жаңа технологиялар, үрдістер мен өзге де әріптестердің тәжірибесі туралы білуге көмектеседі",
- деді  Еуразиялық технологиялық университетінің ректоры Нұржамал Дүйсенқұлова.


Практикалық-бағдарланған кадр дайындау,  қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру, Экстенш жүйесі арқылы  арқылы озық тәжірибені тарату туралы  ҚазҰАУ және Болгария ғалымдары баяндап берді. «Аграрлық бизнестегі Стартаптар: кәсіпкерлік тарихы» сессиясына жас кәсіпкерлер қатысып, жетістікке жетудің тәжірибесімен бөлісті. Сессия барысында «Algabas Agri Food», «Alatau Fruits Engineering» және «Foodystan» компаниялары өсірген жеміс-жидектер, қалалық ферма туралы «Жасыл құмыра» бизнес-жобасы таныстырылды. Ауыл шаруашылығында ұшқышсыз басқарылатын объектілерді пайдалану («FlyWorx» компаниясы ) және фермерлер өнімдерін ілгерілетудегі маркетингтің рөлі («GreenPoint» агенттігі ) бойынша мастер-кластар қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
«GreenPoint» агенттігінің директоры Әсел Қожақованың айтуынша:
«Бүгінгі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтерілді. Біздің фермерлерді егіннің көлемі ғана емес, оны сақтау, отандық және шетелдік нарықтарда өз өнімдерін сату мәселелері де толғандыра бастады. Қазақстанда агробизнес бойынша көптеген табысты брендтер пайда болуда. Бұл әрине өте жағымды жаңалық және дәл осы ауыл шаруашылығ саласының даму болашағын көрсетеді».
Саммит аясында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "Қазақстан агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық технологияларды трансферттеу  мен енгізудің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, қатысушылар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ аграрлық секторды дамытудың барлық саласы бойынша табысты жұмыс атқаруға жағдай жасайтын ғылыми және тәжірибелік қызметтерімен бөлісті. Аграрлық ғылым, білім және өндіріс интеграциясын нығайту мақсатында «Оңтүстік – Оңтүстік-Шығыс» агро-индустриялының құрамына кіретін Ауыл шаруашылығы министрлігінің 16 ғылыми-зерттеу институтымен келісімге қол қойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми-зерттеу институттары  ҚазҰАУ-дың ҚазҰАЗУ-не одан әрі трансформациялануына жан-жақты көмек көрсететін болады:
- үш деңгейлі мамандарды дайындау;
-магистратура және докторантура бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- Бітірушілердің жұмыспен қамтамасыз етілуі;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибе жұмыстарын бірлесе орындау;
- Бірлескен зерттеулердің нәтижелерін жариялау;
- Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын ортақ пайдалану;
- Ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру;
- Агротехнологиялық концентратор арқылы инновациялық технологияларды және жаңа білімді трансферттеу;
- Фермерлер жоғары мектебі (Экстеншн) арқылы  ауылдық кәсіпкерлерге консалтингтік қызмет көрсету.
Аталған кластер бойынша ғалымдар бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге кірісіп кетті:
- "Жаһандық және жергілікті  үздік селекциялық жетістіктерді, соның ішінде Сиверс алмасын  тереңдете зерттеу мен бейімдік және ресурстық әлеуетті пайдалану есебінен  Қазақстандағы алма өнеркәсібін экологиялық-генетикалық әртараптандыру". АҚШ, Корнель университетімен;
- «"Топырақ ағыны мен эрозиясын бағалау әдісі арқылы тозған жайылымдары пайдалану және  қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу".  АҚШ-тың Невада және Техас штаттарының ауыл шаруашылығы  Департаментімен бірге. Жалпы алғанда, бірінші Орта-Азиялық агротехнологиялық саммитте ғылыми-практикалық қызығушылықты туғызатын өзекті тақырыптарға арналған танымдық баяндамалар, мастер-кластар ұсынылды. Шара барысында ашық пікірталас орын алып, қатысуышлар ой-тәжірибелерімен бөлісті. Саммит қорытындысы бойынша қарар және агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды мәселелер мен оларды шешу жолдары турасында жыл сайын саммит өткізу туралы шешім  қабылданды.







Central Asian AgTech Summit ‘2016 – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инновацияларға арналған бірінші салалық іс-шара.   Саммиттің ұйымдастырушылары Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Еуразиялық Технологиялық Университетін және Green Point ауыл шаруашылығы үшін маркетинг мамандандырылған агенттігі болып табылады.
Барлық сұрақтар бойынша мын ателефон номерлеріне хабарласа аласыздар:  +7 (7172) 769856, +7 701 526 3050, немесе электрондық адрес  – media@askredpoint.com, info@greenpoint.kz
Cайт: www.greenpoint.kz
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты