Алғыс айту күні - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #418 Статистика

Алғыс айту күні

Қазақстан халқы биыл екінші рет Алғыс айту күнін атап өтуде.  2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап,  № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Президент Алғысайту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандықтанытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бірбіріне дегендостығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алареді», – деген болатын.  Бүгін осындай ерекше мереке «Агробиология» факультетінде болып өтті.
 
photo
photo
АГ-302 тобының ұйымдастыруымен өткен «Болашақ бүгіннен басталады» атты іс-шараға факультет деканы Бағлан  Махамедова,  декан орынбасары Нұрымжан Әубәкіров, Студенттер кәсіподағының басшысы Әшірәлі Сманов және  оқытушылар мен студенттер қатысты.
АГ-302 тобының студенті Назерке Бекмолда жалпы әлемде алғыс айту күні қалай тойланады, оның шығу тарихы, Қазақстанда бұл мерекенің қалай пайда болғаны туралы жиналғандарға қысқаша баяндап берді. 
Мерекелікіс-шара басындасөзалған факультет деканы Бағлан Жақыпбайқызы барша қатысушыларды алғыс айту күнімен құттықтап:
 «Бүгін расында да ерекшекүн. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген айрықша мереке алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзарасенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатыкүні. Мысалы бүгін сіздер жатақханада, не болмаса отбасыларыңызбен міндетті түрде дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріңізге алғысайтып, сыйлық жасауларыңызға болады» деді.
Шара барысында алғыс айту күніне арнап Айбек Алпысбай өзінің жыр шумақтарын оқып, қатысушылар арасында ойындар ойнатылып, студенттер түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді.
Алғыс айту күні елімізде ресмитүрде бекітілгеніне көп уақыт өтпей, жалпыхалықтық сипатқа ие болмаса да,   мұның мән –мағынасы, тағылымалар тәрбиесі жетерлік. Сондықтан бір-біріңізге алғыс айтып, құрметпен қарап жүргеннің артығы жоқ…
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты