Новость #783 Статистика

Әлемдік білім мен тәжірибе алмасу жайы қаралды

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне WVEPAH коммерциялық емес мекемесінен арнайы делегаттар келді. Делегация құрамында «IKUS» ЖШС президенті Бегимбетов Серік Жанатаевич, «Animal expert grup» ЖШС директоры Мусина Ғалия Шахислямовна, Құсшаруашылығы бойынша халықаралық эксперт, қолданбалы ветеринариялық зерттеу (Франция, Лион) Еуропалық мектебінің негізін қалаушы және мүшесі доктор Пьер Кадот, Құсшаруашылығы бойынша халықаралық эксперт, жаңа технологиялар және «Jefo» (Канада) өнімдері ғылыми-зерттеу департаментінің директоры доктор Роберт Гаутер, Boehringeringelhaim (Германия, Франция, Лион) құс вакцинасы бойынша техникалық және маркетингтік менеджер болды.

photo
photo
ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов бастаған оқу орнының проректорлары, факультет декандары, профессорлық-оқытушылық құрамы қонақтарды қарсы алды.
Тілектес Исабайұлы оқу орнының тарихы жайлы баяндады және құрылымымен таныстырды. Оқу үрдісі, ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастығы жайлы баяндады. Сонымен қатар, бірлескен зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
WVEPAH бағдарламасы мен курстары ветеринария дәрігерлері, фармацевтикалық компания, тағам қауіпсіздігі, ветеринарлық қызметтер, сонымен қатар құс шаруашылығы аймағындағы түрлі оқу мекемелерінің қызметкерлерін, мамандарын, сарапшыларына арналған. Халықаралық эпизоотиялық бюросының (МЭБ) қолдауымен әлемде құсшаруашылығы аумағында мамандар мен эксперттердің оқу бағдарламасынан және курстан өтуіне, сонымен қатар дағдыланған білімін бекітуге мүмкіндік беретін коммерциялық емес мекеме.

photo
photo
Екі жақты кездесу барысы бүгінде бірнеше тілде Германия, Қытай, Тунис, Сенегал, Тайланд, тағы да басқа елдерде оқу курстарын өткізіп жүрген WVEPAH мекемесінің мүшесі ҚазҰАУ тарапына оқу бағдарламасы жайлы баяндап, оның негізгі тармақтарын таныстырды. Бағдарлама бойынша «Жалпы» және «Тар шеңбердегі бағыт» модулінен өткендерге «Жануарлар: құсшаруашылығы Денсаулығы Сертификаты» табысталады. Басқосуда ҚазҰАУ мен WVEPAH өкілдері алдағы уақыттағы ынтымақтастық жайы сөз болды. 21 желтоқсанда Алматыда құсшаруашылығы бойынша халықаралық конференция өтеді.
Қонақтар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасындағы заманауи Агротехнологиялық хаб, соның ішінде Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық көрсетілім алаңы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Оқу-тәжірибелік бақ, Инновациялық Су орталығы және Инновациялық жылыжай жұмысымен танысты.

photo
photo
 
ҚазҰАУ Баспасөз қызметі
Фото: М.Ботабеков, Г.Әділхан
Читайте также Архив новостей