Әлем таныған Абай - Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Новость #1891 Статистика

Әлем таныған Абай

04.02.2020 жылы «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, ВМ-301-топ студенттері және ВМ-107-топ студенттері ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға қонақтар ретінде Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылының кітапханасының қызметкерлері Әлімбекова Гүлайым және Измухаманова Ғазиза апайлар қатысты. Кітапхана қорынан қазақ елінің мақтанышы Абай атамыздың кітаптарын және ақын туралы кітаптар жиынтықтарының көрмесі жасалынды.
 

Іс-шараны ВМ 301 топ студенттері Ақмағанбет Айнұр мен Тұрсынханова Аружан жүргізді. ВМ 301 топ студенттері топ болып Абай атамыздың  «Көзімнің қарасы»  мен «Желсіз түнде жарық-ай» әндерін орындады. Ал, ВМ 107 топ студенттері Әукен Әли, Кәрім Нұрдос өздері шығарған өлең жолдарын оқыды. Сондай-ақ кеш барысында басқа да студенттер ақынның қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқып қатысушыларға ой салды. Кешке қатысушылар арасында викториналық сұрақтар мен қызықты ойындар ойнатылды. Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар таратылды.

Кешті аяқтай келе ВМ 301 топ кураторы Алимбекова Меруерт сөз алып: Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деп кешті аяқтады.
  
 
Қауымдастырылған профессор Махмутов А. К.
Аға оқытушы Жумаханова Р. М.
 
Читайте также Жаңалықтар мұрағаты